⚜️ШАХМАРДАН ЕСЕНОВТІҢ ТУҒАНЫНА 100 ЖЫЛ⚜️ Білім биігін бағындырған азамат,көрнекті ғалым, мемлекет қайраткері Шахмардан Есеновтің туғанына 100 жыл толуына орай танымдық сабақ өтті. Мақсаты: Оқушыларды қазақтың біртуар ғалымы, академик, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Шахмардан Есеновтің өмір жолымен, ғылым мен білім саласына қосқан өлшеусіз үлесімен таныстыру. Өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, еңбекқорлық, білімге деген құштарлық қасиеттерін қалыптастыру және үлгі ету. Оқушыларға ғалымның жас кезінен ғылымға бет бұрып, еліміздің геология саласын дамытуға қосқан үлесі түсіндірілді. Оның Қазақ ССР Геология министрі, Ғылым академиясының президенті қызметтерін атқарып, жас ғалымдарға қолдау көрсеткені туралы бейнематериалдар көрсетілді. 5-сынып оқушылары танымдық сабаққа белсене қатысып, қайраткер туралы өлең шумақтарын оқып, өз ойларын ортаға салды.