2026 жылғы 21 қыркүйек күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 7-11 сынып қыздарына арналған «Нәзіктік пен парасат» тақырыбында кеңес алаңы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – қыз балалардың бойында әдептілік, парасаттылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру, денсаулықты сақтаудың маңыздылығын түсіндіру, ерте жүктіліктің алдын алу және болашақ өміріне саналы көзқарас қалыптастыру.
Кеңес алаңын ДТІЖО Ж.Б.Бокашева кіріспе сөзбен ашып, кездесудің мақсаты мен маңыздылығына тоқталды.
Мектеп психологі А.Н. Бримбетова қыз балалармен арнайы тренинг өткізіп, өзін-өзі бағалау, өзіне деген сенімділік, жеке тұлғалық даму мен дұрыс қарым-қатынас жасау мәселелері бойынша пайдалы кеңестер берді. Мектеп медбикесі М.С. Мурзагалиева «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара соңында аға тәлімгер Г.Ж.Бидагулова қорытынды жасап, «Қыз балаларға арналған 10 кеңес» ұсынып, қыз баланың тәрбиесі, өзін құрметтеуі, қауіпсіздігі, білімге ұмтылысы мен болашаққа жауапкершілікпен қарауы жөнінде ой бөлісті.
https://www.instagram.com/reel/DdjEiNTNIJ5/?stkn=NWZha2tvaHluODU
Орындаған: Ж.Б.Бокашева /дтіжо/





