⚜️ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН⚜️
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Ұшқыр ой” дебат клубымен бірлесе ұйымдастыруымен дебат клубы мүшелерінің арасында “Day Off Quiz” атты зияткерлік ойын ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – оқушылардың білімін тереңдету, логикалық ойлау қабілетін дамыту, жылдам әрі дәл шешім қабылдауға баулу және бос уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге бағыттау болды.
Ойынға әр сыныптан жасақталған үш команда қатысып, өзара білім сайысына түсті. Қатысушыларға тарих, әдебиет, жаратылыстану, спорт, логика, заманауи трендтер секілді түрлі бағыттағы сұрақтар қойылып, командалар шапшаң жауап беріп, белсенді түрде жарысты. Әр кезең аяқталған сайын әділқазылар алқасы командалардың жинаған ұпайларын есептеп, нәтижелерді жариялап отырды.
Зияткерлік ойын барысында оқушылар өз білімдерін көрсетіп қана қоймай, тапқырлығын, жылдамдығын, логикалық ойлауын, еркін сөйлеу дағдыларын танытты. Тартысты өткен ойын оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, білімге деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар, командамен жұмыс істеу, бір-бірін қолдау, достық қарым-қатынасты нығайту секілді маңызды құндылықтардың қалыптасуына әсер етті.
Шара жоғары деңгейде өткізіліп, оқушыларға ерекше көңіл күй сыйлады әрі дебат клубының жұмысына жаңа серпін берді.
https://www.instagram.com/p/DRMG8UbjWZQ/?hl=ru
Жауапты: А.Әшібай /ҚББП/
Г.Бидағұлова /тәлімгер/.




