⚜️ДУБЛЕР КҮНІ⚜️
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 3 қазан күні дәстүрлі түрде ерекше күн – “Дублёр күні” өтті. Бұл күннің басты ерекшелігі – “Мектеп парламенті” мүшелері ұстаз орнында болып, сабақ жүргізді.
✨ 10,11-сынып оқушылары, яғни “Мектеп Парламенті” мүшелері өздерін бір күнге мұғалім ретінде сынап көрді. Олар мұғалімдердің еңбегін сезіну үшін алдын ала сабақтарына мұқият дайындалып, қысқа мерзімді жоспарларын құрып, түрлі көрнекіліктерін әзірледі. Әр сабаққа ерекше жауапкершілікпен кіріскен жас ұстаздар 2-9 сынып оқушыларына қызықты да мазмұнды дәрістер өткізді.
📚 Сабақ барысында оқушылар жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып, топтық жұмыстар, ойын элементтері, түрлі тапсырмалар арқылы сабақты тартымды етті. Ал кіші сынып оқушылары ағалары мен апаларына қызыға қарап, үлкендерден үлгі алып, ерекше әсерге бөленді.
🔹 Бұл күн жоғары сынып оқушылары үшін ұстаздық еңбектің жауапкершілігін сезінуге үлкен мүмкіндік болса,
🔹 Бастауыш пен орта буын оқушылары үшін – көшбасшы болуға, өз қатарларынан үйренуге тамаша сабақ болды.
Мұндай дәстүрлі шаралар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, ұжымшылдық пен ұйымшылдыққа баулып, ең бастысы – ұстаз мамандығына деген құрметті арттырады.
💡 “Дублёр күні” – мектеп өміріндегі ерекше дәстүр ғана емес, оқушыларды болашаққа жетелейтін, жауапкершілікке тәрбиелейтін маңызды тәжірибе!
👏 Бұл күнді жоғары деңгейде ұйымдастырған белсенді жастарымызға алғыс білдіреміз!
https://www.instagram.com/p/DPf5SWDDXoZ/?hl=ru
https://www.instagram.com/p/DPgdjLzDAHQ/?hl=ru




