НАУРЫЗНАМА
15- НАУРЫЗ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ
«ЖАҚСЫЛЫҚҚА БІР ҚАДАМ»
Наурызнама онкүндігі аясында 15 наурыз – Қайырымдылық күні ретінде атап өтіледі. Осы игі мерекеге орай Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “Жақсылыққа бір қадам” атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, қайырымдылық сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, бір-біріне қолдау көрсетіп, жақсылық жасауға тәрбиелеу.
Жәрмеңкеге мектептің 5–7 сынып оқушылары белсене қатысып, өздерінің ұйымшылдығы мен ынтымағын көрсетті. Әр сынып алдын ала дайындалып, түрлі тәтті тағамдар, үйде дайындалған бәліштер, бауырсақтар, тәтті тоқаштар, сусындар алып келді. Оқушылар өздері дайындаған өнімдерін жәрмеңкеге ұсынып, сатып алушыларға жылы шыраймен қызмет көрсетті.
Балалардың белсенділігі мен ынтасы жәрмеңкенің жоғары деңгейде өтуіне үлкен үлес қосты. Жиналған қаражаттың барлығы жетім баланың тұрғын үйге жинап жатқан есепшотына аударылды.
Бұл жәрмеңке оқушыларға тек сауда жасау емес, жақсылық жасау, бір-біріне көмектесу, қоғамға пайдалы болу сияқты маңызды құндылықтарды түсінуге мүмкіндік берді. Осындай игі шаралар балалардың жүрегіне мейірім ұялатып, оларды қайырымды әрі жауапкершілігі мол азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
Орындаған: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/
https://www.instagram.com/reel/DV5nUymjbOM/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==




