Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

Анықтама

2025–2026 оқу жылының жоспарына сәйкес мектебімізде «Lesson Study үдерісі: тәжірибе, талдау және нәтиже» тақырыбында қорытынды шара ұйымдастырылып өткізілді.

Шараның негізгі мақсаты – Lesson Study үдерісі барысында атқарылған жұмыстарды саралау, тәжірибе алмасу, зерттеу сабақтарының нәтижелерін талдау және педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын дамыту болды.

Қорытынды шараға мектеп әкімшілігі, тренер ұстаздар және пән мұғалімдері қатысты. Іс-шара барысында әр топқа бекітілген тренерлер өз топтарының жыл бойы жүргізген Lesson Study жұмыстары бойынша қорытынды есептерін таныстырды. Әрбір топ зерттеу сабақтарының өткізілу барысы, қолданылған тиімді әдіс-тәсілдер, оқушылардың оқу жетістіктеріндегі өзгерістер мен алынған нәтижелер туралы жан-жақты талдау жасады. Сонымен қатар, зерттеу үдерісінде кездескен қиындықтар мен оны шешу жолдары талқыланып, келесі оқу жылына арналған ұсыныстар айтылды.

Шара барысында мұғалімдер өзара тәжірибе алмасып, тиімді педагогикалық тәсілдердің маңыздылығына тоқталды. Lesson Study үдерісінің мұғалімдердің кәсіби дамуына, сабақ сапасын арттыруға және оқушылардың білім алу белсенділігін көтеруге оң ықпал еткені атап өтілді.

Қорытынды бөлімде зерттеу сабақтарын жоғары деңгейде ұйымдастырып, сабағын жүйелі әрі сапалы өткізген бірқатар әріптестер мектеп директорының Алғыс хатымен марапатталды. Марапатталған ұстаздардың еңбегі көпшілікке үлгі ретінде көрсетіліп, шығармашылық табыс тілектері білдірілді.

Өткізілген қорытынды шара өз мақсатына жетіп, педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіруге, бірлескен зерттеу мәдениетін қалыптастыруға және білім сапасын арттыруға бағытталған маңызды алаң болды.

Орындаған: Жоламанова У.А. /ҚББ

/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»