Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Қожасай НОМ базасында «Жасанды интеллект арқылы оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру» тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы

анықтама

   Семинар мақсаты:

Білім беру үдерісінде Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеге енгізу. Білім беру үдерісінде Жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және заманауи білім беру технологияларын тәжірибеге енгізу.

Семинардың міндеттері:

  1. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету;
  2. Жасанды интеллект құралдарын сабақта қолдану жолдарымен таныстыру;
  3. Мұғалімдердің цифрлық сауаттылығын жетілдіру;
  4. Озық педагогикалық тәжірибелермен алмасу алаңын ұйымдастыру.

«Менің жетістігім»тренингі

Тренингтің мақсаты: «Менің жетістігім» тренингі

Мақсаты:

Мұғалімдер арасында жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру, өзара таныстықты нығайту және бір жыл ішінде қол жеткізген жетістіктерімен бөлісу арқылы тәжірибе алмасу. Қатысушылардың бір-біріне қолдау көрсетуін арттыру, сенімді қарым-қатынас орнату және ұжымдық бірлікті күшейту.

Өту барысы:

Тренинг қатысушылардың дөңгелене тұруымен басталды. Алдымен мұғалімдер бір-бірімен танысып, еркін атмосфера қалыптастырды. Әр қатысушы бір жыл ішінде жеткен жетістіктерімен бөлісіп, өз тәжірибесін ортаға салды. Жаттығу барысында ұстаздар бір-бірін қолдап, жылы лебіздерін білдіріп, соңында өзара құшақтасу арқылы жағымды эмоциямен аяқтады.

Бұл кезең қатысушылардың ашық қарым-қатынас орнатуына, сенімділік пен ынтымақтастықты арттыруға ықпал етті.

Қожасай негізгі орта мектебінің математика пәні мұғалімі Жумашева Диана Аманкосовна

Сабақтың тақырыбы: Диаграмма

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды алгебралық бөлшектің негізгі қасиетіне қатысты ережелерін пайдалана отырып, есептер шығаруда алған білімдерін көрсету. Сабақтың басын "Қай цифр сені сипаттайды" тренингі арқылы бастады және сол цифрлар арқылы топқа бөлінді. "Көршіңді тексер" әдісі арқылы үй тапсырмасы тексерілді. Өткенді қайталау үшін ЖИ арқылы PowerPoint-та жасалған сұрақтарға жауап алынды. "Джигсо" әдісі арқылы постер қорғоп, топтық жұмыс жасалды. "Қатені тап" жеке тапсырмасы орындалды. Сергіту сәтіне “Математикалық викторина: Диаграммалар” ойыны жасалды. Айналадағы мәліметтер арқылы жұптық жұмыс жасалды. Сабақты қортыныдылау мақсатында Gemini платформасы арқылы ”Ақиқат па, жалған ба?” тапсырмасы орындалды. “Ақыл ой мұнарасы”" арқылы кері байланыс жасалды. Сабақты ойын элементтері мен көрнекі құралдар арқылы ұйымдастырудың негізгі мақсаты — оқушылардың танымдық қызығушылығын ояту, зейінін бір арнаға шоғырландыру және оқу үдерісіндегі белсенділіктерін арттыру. Бұл тәсіл күрделі математикалық ұғымдарды (диаграммаларды) көрнекілік арқылы жеңіл меңгертуге, логикалық ойлауды дамытуға және алған білімді практикада еркін қолдануға мүмкіндік беру.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі Әділжанова Айғаным Русланқызы Педагог-модератор, еңбек өтілі 6 жыл.

Сабақтың тақырыбы: Екі шеңбердің өзара орналасуы

Сабақтың мақсаты: Оқушылар түзу мен шеңбердің және екі шеңбердің өзара орналасу жағдайларын анықтайды, талдайды және суреттер арқылы ажырата алады. Оқушылардың сабаққа дайындығын қарау. Психологиялық ахуал орнату.«Шифрды аш» әдісі Оқушыларға жеке ребустар таратады. Ребустың шешу жолын түсіндіреді. Ребус шешімі арқылы апта дәйексөзін анықтауға жетелейді Апта дәйексөзі: «Ынтымақ, бірлік, келісім – ең асыл байлық ел үшін» Кюар кодты сканерлеу арқылы 2 топқа бөлінеді: қиылысу және жанасу

-сабақтың мақсатымен таныстыру Genially платформасы арқылы Үй тапсырмасын тексеру https://view.genially.com/69f0e6c44e6c4263dcebffe9

өткен тақырыпты еске түсіру

file:///D:/Users/Aiganym/Downloads/шеңберлер.html

-сабақтың мақсатымен таныстыру

Топтық жұмыс

«Боулинг» әдісі

Оқушылар тақта ілініп тұрған пиндердегі есепті шығарып, жауабын боулинг шарындағы жауаппен сәйкестендіреді. Қай топ бірінші болса, сол топ кубокты алады. Жұптық жұмыс Оқушылар көршілерімен жұптасады. Есептің шарты жазылған А3 қағаз таратылады. Сым арқылы модель жасау тәсілін түсіндіріп, есеп шарты бойынша шеңберлердің орналасуын көрсетуге тапсырма береді. Жұптардың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар береді, талқылауға жетелейді. Сергіту сәті 2 топ екі шеңбер құрып, дөңгелене тұрады. Әр оқушы белгілі бір нүктенің рөлін атқарады. Мұғалім нүктелердің орналасуына байланысты сөйлемдерді оқиды, ал оқушылар соған сәйкес орындарын тауып орналасады. Нүктелердің орналасуы:

  • A нүктесі шеңбердің ішінде орналасқан.
  • B нүктесі шеңбердің сыртында орналасқан.
  • D нүктесі және F нүктесі шеңбердің бойында орналасқан.
  • С нүктесі шеңбердің ішінде, центрге жақын орналасқан.
  • Е нүктесі шеңбердің сыртында, шеңберден алыс орналасқан.
  • K нүктесі шеңбер бойындағы нүкте. M нүктесі шеңбердің ішінде орналасқан. Жеке жұмыс Платформа арқылы жеке жұмыс тапсырмаларын ұсынады. Әр оқушыға 2 есеп орындатуға бағыт береді, орындалу ретін түсіндіреді. Оқушылардың жұмысын қадағалап, қажет жағдайда кері байланыс береді, дұрыс орындалуын бақылайды. Сабақты қорытындылау «HTML кодтау» ойыны арқылы бүгінгі тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру file:///D:/Users/Aiganym/Downloads/парақ2.html

Саға жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Жеткізгенова Жұлдызай Жеткізгенқызы

Сабақтың тақырыбы: Гиперсілтеме

Сабақтың мақсаты: мәтін ішінде гиперсілтемелерді қосып, оларды дұрыс қолдануды үйренеді

Психологиялық ахуал “Тәтті тілек” арқылы бастады.

ЖИ генератор арқылы топқа бөлдім.

Сабаққа қызығушылығын ояту мақсатында “Сабақ оқы да, жеңілдік ұтып ал” купонын ұйымдастырды

“Кім жылдам” каппен секіру ойыны арқылы үй тапсырмасын тексерді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында “ойлан әдісі” арқылы видео ролик көрсетті. Жаңа сабақты өзім түсіндірді. Топтық жұмыс “Квес” ойыны. Жұптық тапсырма “ Сиқырлы гиперсілтеме әлеміңе саяхат” кітапшадан тапсырма орындады. Жеке жұмыс компьютермен оқушылар жеке-жеке орындады. Сабақты бекіту “Нейроойын” оқушылар қолмен басқару арқылы тапсырма орындады. Кері байланыс бес жұлдыз арқылы.

Шеңгелши негізгі орта мектебінің биология пәні мұғалімі Нарынбаева Фариза Ақылбайқызы

Сабақтың тақырыбы: Гүл құрылысы.Тозаңдану түрлері (өздігінен,айқас, жасанды)

Сабақтың мақсаты: өздігінен және айқас тозаңданудың шамалы артықшылықтарын сипаттау;

Мен сабақтың басын "Бақ бақ гүлі" тренингі арқылы бастадым.

"ЖИ генератор" арқылы топқа бөлдім.

"Викторина" ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрады.

"Гүлдің құрылысы" тақырыбында ЖИмен жасалған бейне материал көрсетті.

"Джигсо" әдісі арқылы постер қорғады.

"Сәйкестендіру" тапсырмасын орындатты.

"Арқан тартыс" ЖИ арқылы жасалған ойын ойнатты.

"QR код" әдісі арқылы жаңа сабақ бойынша тапсырма орындатты.

"Қызғалдақ" әдісі арқылы бағалау жүргізілді.

"Гүлдер әдісі" арқылы кері байланыс жасалды.

Сабақты ойын және көрнекі қүралдар арқылы ұйымдастырудың мақсаты оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру, зейінін шоғырландыру, белсенділіктерін дамыту,жаңа тақырыпты меңгерту.

Қорытынды:

Жалпы, ұйымдастырылған семинар барысында жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолданудың маңыздылығы айқындалды. Қатысушы мұғалімдер тәжірибе алмасып, өз жетістіктерімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерді меңгерді. Оқушыға түсіндіре алды, яғни ұсынылған әдіс-тәсілдер мен жаңа білімдер оқушы деңгейіне сай жеткізілді. Сабақ барысында оқушылар тақырыпты түсініп, өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл мұғалімнің тиімді оқыту стратегияларын дұрыс қолдана алғанын көрсетеді. Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, функционалдық сауаттылығының дамуына оң әсер етті. Нәтижесінде педагогтер оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллект құралдарын қолданудың тиімді жолдарын айқындады. Алдағы уақытта бұл тәжірибелер білім беру сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп күтіледі Семинар қорытындысында ұстаздардың еңбегі бағаланып, белсенділік танытқан мұғалімдер Аудандық білім бөлімінің басшысы Алғыс хатымен марапатталды.

 

/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»