Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

8

      8 «А» сынып оқушысы Досмұратов Сырыммен «Достық көпірі» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Тренингтің мақсаты – оқушының сыныптастарымен жағымды қарым-қатынас орнату дағдыларын дамыту, достықтың, өзара сыйластық пен сенімнің маңызын түсіндіру, өз ойын еркін жеткізуге және өзгелерді тыңдай білуге үйрету.

     Тренинг барысында Сырым жоғары деңгейде белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Өз ойын ашық әрі еркін жеткізіп, қойылған сұрақтарға нақты жауап берді. Өзін сабырлы, сенімді ұстап, қарым-қатынас жасауға ашық екенін көрсетті. Достық пен сыйластық туралы өз пікірін білдіріп, тренингке ерекше ынтамен қатысты.

      Сонымен қатар оқушымен «Менің сыныбым» сауалнамасы жүргізілді. Сауалнаманың мақсаты – оқушының сынып ұжымына деген көзқарасын, сыныптастарымен қарым-қатынасын, ұжымдағы өзіндік орнын және сынып ортасындағы психологиялық жайлылығын анықтау. Сауалнама жауаптарын талдау арқылы оқушының сынып ұжымындағы өзіндік орны, сыныптастарымен қарым-қатынасы және психологиялық жайлылық деңгейі нақтыланады. Тренинг барысында байқалған жағымды қарым-қатынас дағдыларын одан әрі дамыту ұсынылады.

      Қорытынды: Жүргізілген психологиялық тренинг нәтижесінде Сырымның белсенділігі мен өзін ұстауы жоғары деңгейде екені байқалды. Оқушы өзін ашық, көпшілікпен тіл табысуға бейім, өз ойын еркін жеткізе алатын тұлға ретінде көрсетті. Сауалнама нәтижелеріне нақты баға беру үшін оқушының жауаптарын жеке талдау қажет. Алдағы уақытта сыныптастарымен достық қарым-қатынасын нығайту және жағымды психологиялық ахуалды қолдау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру ұсынылады.

Педагог-психолог: А.Н. Бримбетова

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»