Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Психологиялық-педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс-шаралардың

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні: 07.10.2026 ж.
Тақырыбы: «Менің эмоциям – менің ресурсым»
Қатысушылар: 7–8 сынып оқушылары
Өткізген: педагог-психолог А.Н.Бримбетова
Жұмыс түрі: Психологиялық тренинг

Мақсаты:

Оқушылардың өз эмоцияларын тануына, сезімдерін еркін әрі қауіпсіз жеткізуіне, эмоциялық сауаттылығын арттыруға және қиын жағдайларда ішкі ресурстарын тиімді пайдалана білу дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету.

Тренингтің барысы:

«JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығының жоспарына сәйкес, «EQ-LAB» жобасы аясында 7–8 сынып оқушыларымен «Менің эмоциям – менің ресурсым» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің алғашқы кезеңінде оқушылармен шаттық шеңбері ұйымдастырылды. «Менің көңіл күйім – ауа райы» жаттығуы барысында қатысушылар өздерінің көңіл күйлерін табиғат құбылыстарымен салыстырып, ішкі сезімдерін сипаттады. Бұл жаттығу оқушылардың өз эмоцияларын түсінуіне және ашық қарым-қатынас орнатуына мүмкіндік берді.

Келесі кезеңде «Эмоцияны тап» жаттығуы жүргізілді. Оқушылар әртүрлі эмоцияларды мимика және дене қимылдары арқылы көрсетіп, қалған қатысушылар жасырылған эмоцияларды анықтады. Сонымен қатар смайликтер арқылы қуаныш, ашу, қорқыныш, таңғалу, мұң және басқа да сезімдер талқыланды.

Тренинг барысында жеке және топтық жұмыстар ұйымдастырылды. Оқушылар эмоциялық жағдайларға байланысты тапсырмалар орындап, жағымсыз эмоцияларды реттеудің тиімді жолдарын қарастырды. «Ресурс қоржыны» тапсырмасы арқылы қиын сәттерде өздеріне көмектесетін әрекеттерді анықтап, ішкі күш-қуат көздерін белгіледі.

Сондай-ақ қатысушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдіріп, өзара қолдау көрсету мен жағымды қарым-қатынастың маңыздылығын түсінді.

Тренинг соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар алған әсерлерімен бөлісті. Өздеріне ұнаған тапсырмаларды атап, эмоцияларды дұрыс түсіну және басқару туралы ойларын жеткізді.

Қорытынды:

Тренинг барысында оқушылар белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Өз эмоцияларын анықтау, сезімдерін жеткізу және эмоциялық жағдайларда өзін-өзі қолдау жолдары туралы түсініктерін кеңейтті.

Жүргізілген психологиялық жұмыс оқушылардың эмоциялық сауаттылығын дамытуға, өзара сыйластық пен қолдау көрсету дағдыларын қалыптастыруға бағытталды.

Ұсыныс:

Оқушылардың эмоциялық тұрақтылығын қалыптастыру мақсатында эмоцияларды тану, өзін-өзі реттеу, жағымды қарым-қатынас және психологиялық қолдау тақырыптарында дамыту жұмыстарын жалғастыру.

https://www.instagram.com/reel/DeMW2KCtHSD/?stkn=MXN2dXNucXJrNjFxMQ==

Педагог-психолог:  А.Н.Бримбетова

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

Психологиялық-педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс-шаралардың

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген күні: 07.10.2026 ж.
Тақырыбы:«Өзқиялыңменжалғастыр»
Қатысушылар:3-сыныпоқушылары
Өткізген:Педагог-психологА.Н.Бримбетова
Жұмыс түрі: Көңілді психологиялық тренинг

Мақсаты:

Оқушылардың сабақ барысында жинақталған шаршауын басу, психологиялық сергіту, көтеріңкі көңіл күй сыйлау, жағымды эмоциялар қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қиялын дамыту, өз ойларын еркін жеткізуге және бір-бірімен жағымды қарым-қатынас жасауға ықпал ету.

Тренингтің барысы:

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 3-сынып оқушыларына арналған «Өз қиялыңмен жалғастыр» тақырыбында көңілді психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың күнделікті сабақ барысында пайда болған шаршауын жеңілдету, көңіл күйлерін көтеру, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.

Тренинг басында оқушылармен жылы қарым-қатынас орнатылып, жағымды көңіл күй қалыптастыруға бағытталған сергіту жұмыстары жүргізілді.

Негізгі бөлімде «Өз қиялыңмен жалғастыр» атты шығармашылық тапсырма ұйымдастырылды. Оқушыларға толық аяқталмаған суреттер мен әртүрлі сызықтар, пішіндер ұсынылды. Балалар берілген бейнелерді өз қиялдары бойынша жалғастырып, түрлі қызықты суреттер салды.

Тапсырма барысында әр оқушы өзінің шығармашылық қабілетін көрсетіп, қарапайым сызықтар мен пішіндерден ерекше бейнелер құрастырды. Өз жұмыстарын таныстырып, салған суреттері туралы қысқаша әңгімеледі.

Тренинг көңілді әрі еркін жағдайда өтті. Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын қызығушылықпен тамашалап, өзара жағымды эмоциялармен бөлісті.

Сабақ соңында кері байланыс жүргізіліп, оқушылар тренингтен алған әсерлерін білдірді.

Қорытынды:

«Өз қиялыңмен жалғастыр» психологиялық тренингі барысында оқушылар белсенділік танытып, шығармашылық тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.

Тренинг оқушылардың психологиялық сергіп, көңіл күйлерінің көтерілуіне, қиялы мен шығармашылық ойлау қабілеттерінің дамуына ықпал етті.

Балалар өз ойларын еркін жеткізіп, бір-бірінің жұмыстарын құрметтеуге және шығармашылық белсенділік танытуға мүмкіндік алды.

Ұсыныс:

Оқушылардың эмоционалдық жай-күйін жақсарту, оқу барысында туындайтын шаршауды азайту және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында сергіту жаттығуларын, арт-терапиялық тапсырмаларды және көңілді психологиялық ойындарды жүйелі түрде ұйымдастыру ұсынылады.

Педагог-психолог:  А.Н.Бримбетова

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»