Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Психологиялық – педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс – шаралардың
ХАТТАМАСЫ
Өткізілген күні: 24.09. 2026 жыл
Өткізілген орны: Жаңажол ЖББОМ
Қатысушылар: мектеп оқушылары
Жауапты: педагог-психолог А.Н.Бримбетова
Тақырыбы: «Буллингке жол жоқ!» .
Мақсаты: Оқушыларға буллингтің түрлері мен жағымсыз әсері туралы түсінік беру, оның алдын алу жолдарын түсіндіру. Оқушылар арасында сыйластық, жанашырлық пен өзара қолдау мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіз психологиялық орта құру.
Мектеп педагог-психологы А.Н.Бримбетова оқушыларға «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында профилактикалық түсіндіру жұмысын жүргізді.
Іс-шара барысында буллингтің негізгі түрлері: мазақ ету, қорқыту, әдейі шеттету, сөзбен қорлау, психологиялық және физикалық қысым көрсету, сондай-ақ әлеуметтік желілер арқылы қорлау туралы ақпарат берілді.
Оқушыларға күнделікті өмірде «Жай ғана әзіл» деп қабылданатын кейбір сөздер мен әрекеттердің өзге адамның көңіліне ауыр тиіп, психологиялық жай-күйіне кері әсер етуі мүмкін екендігі түсіндірілді. Әзіл мен буллингтің айырмашылығына ерекше назар аударылып, әр адамның сезімі мен жеке шекарасын құрметтеудің маңыздылығы айтылды.
Сонымен қатар буллингке тап болған немесе оның куәсі болған жағдайда қалай әрекет ету керектігі түсіндірілді. Қысым көрген оқушыға қолдау білдіру, қауіпсіз жағдайда жағымсыз әрекетті тоқтатуға шақыру, мұғалімге, мектеп психологына немесе сенімді ересек адамға дер кезінде хабарлау қажеттілігі атап өтілді.
Әрбір оқушының мектепте өзін қауіпсіз әрі сыйлы сезінуге құқылы екендігі түсіндіріліп, бір-біріне жанашырлық танытуға, достық қарым-қатынасты нығайтуға және буллингке бейжай қарамауға шақырылды.
Іс-шара «Бір-бірімізді қорғайық, құрметтейік. Буллингті бірге тоқтатайық!» ұранымен аяқталды.
https://www.instagram.com/reel/Ddqo0dSNOZ0/?stkn=NGw2bGM3eGlzOXh3
Педагог-психолог: А.Н.Бримбетова




