Тақырыбы: «Бірінші класқа-бірінші рет!»
Мақсаты: Балалардың мектепке тез бейімделіп кетуіңе, өз көңіл – күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл – күй сыйлау білуге, қолпаштау, мадақтау сөздерін айта білуге және көңіл күйді жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету.
Жұмыс жоспары:
1. «Сенімен араласқаныма қуаныштымын» жаттығуы.
2. «Мимика» жаттығуы.
3. «Сиқырлы таяқша».
4. Сергіту сәті.
1. «Сенімен араласқаныма қуаныштымын» жаттығуы.
Балалар, сәлемдесу сөздерін естеріңе түсіріп айтып беріңдерші? (Сәлеметсіз бе, амансыз ба, деніңіз сау ма, қалыңыз қалай?). Дұрыс айтасыңдар, адамдар бір – бірімен кездескенде осы жылы сөздермен амандасады. Бір – бірлеріне денсаулық тілеп жатады.
Денсаулық дегеніміз не?
Денсаулық – дене және психикалық жағынан толықтай сау болу. Бұл күйзелістік жағдайды болдырмау, кикілжің шешу, алдын алу. Бүгінгі тренингіміздің тақырыбы психикалық денсаулықпен байланысты болғандықтан «Көңіл – күй эмоциясы» деп аталады.
2. «Мимика» жаттығуы.
Балалар, сендер білесіңдер, біз әр түрліміз, біздің көзіміз, шаш үлгіміз, жасымыз да әр түрлі. Әйтседе бір жағдайда барлығымыз ұқсаспыз. Көңілді болғанда күлеміз, көңілсіз болғанда жылаймыз. Бұл адамның ішкі жан дүниесін бейнелейді. Ал эмоция адамның жан сезімін бейнелейді. Мимикамен көрсетеміз.
Көңілді боламыз күлеміз, көңіл – күйімізді түсіреміз, қуанамыз, жылаймыз, ашуланамыз.
3. «Сиқырлы таяқша».
Бұл жаттығуда бір – бірімізге сиқырлы таяқшаны беру арқылы тілек айтамыз.
4. Сергіту сәті.
Балалар менімен бірге айтайық.
Жалғыз саусақ тіпті де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Қолға ине ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала саусақ, жол салсақ.
Педагог-психолог: А.Н.Бримбетова
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Психологиялық-педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс-шаралардың
ХАТТАМАСЫ
Күні: 10.09.2026 жыл
Тақырыбы: «Бірінші класқа-бірінші рет!»
Мақсаты: бірінші сынып оқушыларына мектепке бейімделуге көмектесу.
- Оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамыту.
- Оқушының өзіне деген сенімін арттыру.
- Балалардың оқу үдерісіне қызығушылығын ояту.
- Эмоцияларын көрсету арқылы балалар өз сезімдерін түсінеді, оларды таниды. Балаларды өз көңіл – күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл – күй сыйлау білуге үйрету.
Қатысушы нысан: 1 «Ә» сынып
Қысқаша мазмұны:
- «Сенімен араласқаныма қуаныштымын» «Таныстыру»
жаттығуы.
2. «Мимика» жаттығуы.
3. «Сиқырлы таяқша».
4. Сергіту сәті.
1 «А», «Ә» сынып оқушыларының бірінші мектепке бейімделуіңе, оқушының өзіне деген сенімін арттыру, көңіл – күйлерін көтеру мақсатында «Бірінші сыныпқа-бірінші рет!» тақырыбында тренинг өткізілді. Сәлемдесу арқылы жаттығу орындадық. Оқушылардың эмоциялары көңіл – күйге байланысты болғандықтан көңіл – күй көтеріп денсаулық туралы мәліметтер алу мақсатында сұрақ – жауап ұйымдастырдық. Ішкі жан дүниелерін ашық көрсете алулары үшін мимикаға байланысты жаттығу орындадық. Оқушылар бір – біріне жағымды эмоция сыйлауы үшін карточкілерді ұсына отыра жылы лебіздерін айтып өтті. Балалар жақсы эмоцияларын сақтауы үшін сергіту сәтін ұйымдастырып бірге ән шумақтарын айтып өттік. Тренинг соңында көңіл – күйлерін анықтау барысында бір-бірімізге шапалақтадық.
Шешімі/қорытынды: Әрқашанда осындай жылы сөздермен және жылы жүрегіміз, әдемі күлкімізбен бір-бірімізді қуанта берейік деп тренингті қорытындыладық.
https://www.instagram.com/reel/DdIpMXNtAsF/?stkn=NGg4a2t2N3gxNm9s
Орындаған педагаг -психолог: А.Н.Бримбетова




