«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
Психологиялық – педагогикалық ағарту, өткізілген тренинг және іс – шаралардың
ХАТТАМАСЫ
Іс-шара атауы: «Алғыс айту – рухани байлық»
Қауіпсіздік сабағы: 10 минут Өткізу күні: 09.03.2026 жыл
Өткізу орны: Мектеп кабинеті
Қатысушылар: 7 «А» сынып оқушылары
Өткізу мақсаты:
Білім алушылардың жеке қауіпсіздігін сақтауына, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруына ықпал ету, сондай-ақ алғыс айту арқылы рухани құндылықтарды дамыту.
Өткізу формасы: Дәріс + профилактикалық әңгіме
Сабақ барысы
Кіріспе бөлім:
Іс-шара басында оқушылармен амандасу жүргізілді. Оқушыларға іс-шараның тақырыбы мен мақсаты таныстырылды. «Алғыс айту – рухани байлық» тақырыбының маңыздылығы түсіндірілді. Алғыс айтудың адам өміріндегі рөлі, оның адамгершілік қасиеттерді дамытудағы орны туралы айтылды.
Сонымен қатар, қауіпсіздік тақырыбына қысқаша тоқталып, әрбір оқушының өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керектігі атап өтілді. Қауіпсіз мінез-құлық ережелерін сақтау маңыздылығы түсіндірілді. Оқушылар сабаққа белсенді қатысуға шақырылды.
Негізгі бөлім
Оқушыларға алғыс айту мәдениеті туралы түсінік берілді. Күнделікті өмірде алғыс білдірудің қарапайым мысалдары келтірілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, кімге және не үшін алғыс айтатындарын айтты.
Қауіпсіздік сабағы барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы, мектептегі және көшедегі қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Қауіпті жағдайларды болдырмау жолдары, өз-өзін қорғау дағдылары туралы айтылды.
Профилактикалық әңгіме жүргізіліп, түрлі жағдайлар мысал ретінде талқыланды.
Қорытынды бөлім:
Сабақ соңында оқушыларға алғыс айтудың маңыздылығы тағы бір рет атап өтілді. Қауіпсіздік ережелерін сақтау әр адамның міндеті екені түсіндірілді.
Мектеп психологы: А.Н.Бримбетова




