Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Саға ЖББОМ базасында «Заманауи білім беру: белсенді әдіс-тәсілдермен оқыту» тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы

анықтама

   Семинар мақсаты:

   Білім беру үдерісінде заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, белсенді оқыту әдіс-тәсілдерін таныстыру және оларды сабақ барысында пайдалану жолдарын көрсету. Сонымен қатар оқушылардың танымдық белсенділігін, шығармашылық ойлауын дамытуға бағытталған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру.

 

Семинардың міндеттері:

  1. Мұғалімдерді заманауи білім беру талаптарына сай белсенді оқыту әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
  2. Сабақ барысында қолданылатын тиімді педагогикалық технологиялармен тәжірибе алмасу.
  3. Оқушылардың сыни ойлауын, шығармашылық қабілетін және белсенділігін арттыруға бағытталған әдістерді меңгерту.
  4. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін дамытуға және сабақ сапасын арттыруға ықпал ету.

 

 

«Мен кіммін »тренингі

Тренингтің мақсаты: «Мен кіммін?» тренингі 🎭

Мақсаты:

Мұғалімдердің бір-бірін жақынырақ тануына мүмкіндік жасау, қарым-қатынасты нығайту, көңілді атмосфера қалыптастыру.

Мұғалімдердің өзін еркін сезінуіне, бір-бірін қолдауға, ұжымда жағымды атмосфера қалыптастыруға ықпал ету.

Өту барысы:

Ортаға қызыл кілем төселеді. Мұғалімдер кезек-кезек қызыл кілеммен жүріп өтеді. Сол кезде жүргізуші немесе әріптестері ол мұғалім туралы жақсы қасиеттерін айтып, таныстырады.

Мысалы:

«Қарсы алыңыздар! Біздің креативті, әрдайым жаңашыл идеяларымен ерекшеленетін әріптесіміз – … апай!» 👏

 

Қожасай негізгі орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ізтаев Ерқанат Азаматұлы.Жас маман.

Панорамалық сабақ тақырыбы: Ұлттық ойындар мен заманауи спорт.

Қазіргі уақытта заман талабына сай жасанды инттеллект платформаларын дене шынықтыру пәнінде пайдалану жолдарын көрсетті. Алғашқы көрсеткен платформасы Яндекс ойындары. Оқушыларды   онлайн ойындар арқылы дамыту және сабаққа деген қызығушылығын арттыру.Балалар яндекс ойындарын жарыса да таласа ойнайды.Футбол, воллейбол,теннис және жүгіру ойындары көбірек пайдаланылады.Келесі gynzy платформасы оқушыларды теория жүзінде топтық ,жұптық және жеке жарыстар ұйымдастыруға болады. Соңғы практикалық жұмыс көрсетілді. Ортаға 3 әріптес мұғалімдер шығарылып садақ атқызды. Бұл ойын оқушыларды қырағылыққа және дәлдікке тәрбиелейді.

 

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байжанов Нурболат Умерсерикович. Педагог-модератор, еңбек өтілі 12 жыл.

Панорамалық сабақ тақырыбы: Жұптық және топтық ойындар. Эстафеталық ойындар. Басында өтілген сабаққа бейнешолу жасады. Сабақтың мақсатымен және барысымен таныстырды. Апта дәйексөзін ЖИ арқылы жасалған бейнероликпен ашты. Эстафеталық ойындардың негізгі ережелерімен таныстырып, оқушыларға пайдасын атап өтті. Эстафеталық ойынның бір бөлігін семинар қатысушыларымен ойнатты. Соңында ЖИ платформасы арқылы кері байланыс алынды. Эстафеталық ойындар кезінде оқушылар белсенділік танытып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындайды. Сабақ барысында мұғалім әр топтың жұмысын бақылап, бағыт-бағдар беріп, оқушылардың қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіруге көңіл бөлінгендігі айтты.

 

Мектеп: Шеңгелши негізгі орта мектебі

Пәні: Дене шынықтыру

Мұғалім: Қалдығұл Ө.М.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық ойыны «Бес асық»

Мақсаты: Ұлттық ойындарды дене шынықтыру іс-әрекетінде кеңінен қолдана отырып, балалардың дене тәрбиесін дұрыс жолға қою, спорттық шеберліктерін, мүмкіндіктерін арттыру.

Ұлттық ойындарды ойната отырып, ұлт тәрбиесін   бойларына сіңіру.

Өмір бойы оқу: алған білімін өмірмен байланыстырады, кері байланыс орнатады, ойынды үйренуге деген қызығушылықтарын қалыптастырады

Өзіне және өзгеге құрмет: топтық жұмыс, жұптық жұмыс кезінде жүзеге асырады

Еңбек пен шығармашылық: альтернатив ойынды ұйымдастырады, ойын барысында жеңіске талпынады.

Үй тапсырмасын сұрау:

“Менен сұрақ, сізден жауап” әдісі

Мақсаты: Бұл әдістің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін арттыру және ойлау қабілетін дамыту. Атап айтқанда:

  • Оқушының сұрақ қоя білу дағдысын қалыптастыру
  • Сыни тұрғыдан ойлауын дамыту
  • Өз ойын еркін жеткізуге үйрету
  • Сабаққа қызығушылығын арттыру
  • Диалог арқылы білім алуды жетілдіру.

Сабақтың жаңа тақырыбын түсіндіру.

“Бес асық” ойынының тарихына шолу жасау.

Алғашқы 6 кезеңімен таныстыру. Жеке-жеке толық түсіндіру. Практика жүзінде қалай ойналатынын көрсету.

Сергіту сәті: “Асық үні”

Асықтарды бір-біріне соғу арқылы, әннің нақышына келітіріп асық үнін жаңғырту.

Саралау тапсырмалары.

Рефлексия : “Асық түсі”

Асықтың түсіне қарай оқушылар қалаған түстерін таңдап алады. Олар “Түсіндім” - жасыл асық, “Түсінбедім” - қызыл асық және “Сұрағым бар”- сары асық.

Сабақты қорытындылау.

 

Саға жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Байзақов Жомарт Асқарұлы

Сабақтың тақырыбы: Негізгі қабылдау тактикасын үйрету

Мақсаты: Оқушыларға волейбол алаңында допсыз қозғалу әдістерін үйрету. Допты төменнен және жоғарыдан қабылдау әдіс – тәсілдері әрекеттерін дамыту.

Волейбол алаңын айналып жүгіру және қыздырыну жаттығуларын орындау.

Жағымды ахуал қалыптастыру. «Мимикалық жаттығулар» әдісі

Волейболға қажетті құрал – жабдықтар:

-         Волейбол доптары

-         Волейбол торы

-         Спорт киімдері

-         Белгі сызықтары мен конустар

-         Ысқырық

Презентациямен таныстырып болған соң оқушыларға мұғалім әр оқушымен жеке жеке допты жоғарыдан қабылдау әдіс-тәсілдерін, доппен жаттығулар орындайды және алты оқушыдан топтастырып жаттығуды жалғастыруға пәрмен береді

Мұғалім волейбол ойынының негізгі ережелерін түсіндіреді. Оқушыларға ойынның мақсатын, командадағы ойыншылар санын және допқа тигізу шектеуін үйретеді. Ойын барысында оқушылардың қимыл-қозғалысын бақылап, дұрыс орындауына бағыт-бағдар береді. Сонымен қатар, шапшаңдық, дәлдік және төзімділік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Допты астымен қабылдау техникасы:

1.     Аяқтар иық кеңдігінде ашылып, бір аяқ сәл алда орналасады.

2.     Тізелер сәл бүгіліп, дене алға еңкейеді, салмақ табанның алдыңғы бөлігіне түседі.

3.     Екі қол біріктіріліп, шынтақтар толық түзетіледі, қолдың басы төмен түсіріліп, алақандар бір-біріне қаратып ұсталады.

4.     Доп білектің түзу, жазық бөлігімен (екі білекке бірдей) қабылданады.

Допты қабылдау кезінде қолмен соқпай, аяқ пен дененің жеңіл көтерілу қозғалысы арқылы бағыт беріледі

Допты астынан беру техникасы

Допты астынан беру (төменнен қабылдау) кезінде ойыншының бастапқы тұрысы өте маңызды. Аяқтар иық деңгейінде ашылып, тізе сәл бүгулі болады, дене алға қарай еңкейіп, салмақ табанның алдыңғы бөлігіне түседі. Қолдар алға созылып, алақандар бір-біріне жақындатылады немесе біріктіріледі.

Допқа жақындағанда қолдың басы білезік тұсынан төмен түсіріліп, екі қол біріктіріліп, білек түзу ұсталады. Шынтақтар бүгілмей, қатайып тұруы керек. Допты қабылдау кезінде доп екі білекке бірдей тиіп, серпіліс арқылы жоғары бағытталады. Қолмен ұрмайды, негізгі қозғалыс аяқ пен дененің сәл көтерілуі арқылы жүзеге асады.

Допты бергенде денені күрт көтермей, жұмсақ қозғалыспен бағыт беру қажет. Доптың бағытын иық пен дененің бұрылуы арқылы реттейді. Көз допта болуы тиіс, ал қозғалыс үйлесімді және дәл орындалуы керек.

 

Семинардың екінші бөлімі мұғалімдер арасында волейбол ойынымен жалғасы.

Мақсаты: Мұғалімдер арасында достық қарым-қатынасты нығайту, командалық жұмысты дамыту, бірлік пен ынтымақтастықты арттыру. Сонымен қатар, белсенді демалыс арқылы сергектік сыйлап, ұжымдық рухты көтеру және әріптестер арасында жағымды атмосфера қалыптастыру көзделді. Мұғалімдер арасындағы ынтымақтастықты нығайту, командалық жұмысты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжымдық бірлікті арттыру болды.

Ойын барысында үш команда сынға түсіп, өзара тартысты әрі қызықты ойын көрсетті. Қатысушылар белсенділік танытып, көтеріңкі көңіл күймен жарысқа қатысып, ұжымдық рух пен достықтың үлгісін көрсетті.

 

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Көбенова Қарлығаш Жанұзаққызы. Педагог- сарапшы, еңбек өтілі 16 жыл. Семинар барысында рефлексия кезеңін өткізді. .Семинар соңында қатысушылармен рефлексия жүргізілді.

Рефлексияның мақсаты – семинар барысында алған білімдері мен тәжірибелерін саралап, өз ой-пікірлерін білдіру, ұсыныстарын айту және өткен жұмыстың тиімділігін бағалау болды.

Қатысушылар семинардан алған әсерлерімен бөлісіп, белсенді әдіс-тәсілдердің маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, болашақта өз тәжірибелерінде қолданатын идеяларымен бөлісті. Рефлексия арқылы семинардың нәтижесі қорытындыланып, қатысушылардың пікірлері тыңдалды.

 

Қорытынды:

«Заманауи білім беру: белсенді әдіс-тәсілдермен оқыту» тақырыбындағы семинар өз деңгейінде өтіп, ұстаздар үшін тәжірибе алмасуға мүмкіндік берген маңызды шара болды. Семинар барысында мұғалімдер білім беру үдерісінде қолданылатын тиімді белсенді әдіс-тәсілдермен танысып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Қатысушылар жаңа идеялар алып, сабақ барысында оқушылардың қызығушылығын арттыруға бағытталған әдістерді талқылады. Сонымен қатар, семинардың практикалық бөлімі мұғалімдердің белсенді қатысуымен өтіп, ұжымдық ынтымақтастық пен бірлікті нығайтты. Семинар қорытындысында ұстаздар алған тәжірибелерін алдағы уақытта сабақтарында тиімді қолдануға дайын екендіктерін білдіріп, мұндай тәжірибелік кездесулердің маңыздылығын атап өтті. Семинар қорытындысында ұстаздардың еңбегі бағаланып, белсенділік танытқан мұғалімдер Аудандық білім бөлімінің басшысы Алғыс хатымен марапатталды.

 

https://web.whatsapp.com/a58104ca-6888-4e12-8bc3-950bd161e8a2" width="36" height="36" />Орындаған: Жоламанова У.А./қббп/

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»