Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

2025-2026 оқу жылы Мұғалжар аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес, Жаңажол ЖББОМ базасында «Жасанды интеллект және білім беру» тақырыбында аудандық семинар өткендігі туралы

анықтама

   Семинар мақсаты:

Жасанды интеллекттің тиімді тетіктерін білім беру процесіне енгізу, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру, жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісу арқылы заманауи сабақ мазмұнын жетілдіру және оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Семинардың міндеттері:

1. Мұғалімдерді жасанды интеллект технологияларының мүмкіндіктерімен таныстыру;

2. Оқу процесінде ЖИ құралдарын тиімді қолданудың жолдарын көрсету;

3. Цифрлық сауаттылықты арттыру арқылы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін дамыту;

4. ЖИ көмегімен саралап оқыту, дербестендіру және бағалау әдістерін ұсыну;

5. Педагогтер арасында тәжірибе алмасуға, озық практикаларды таратуға жағдай жасау;

6. Жаңа технологияларды білім беру мазмұнына кіріктіру бағыттарын айқындау.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Мұғалім: Бисеналина Мереке Кенжеғалиқызы, Пәні: Химия

Сынып: 8

Сабақтың тақырыбы: Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Химиялық реакциялардың жылу эффектісі

Мақсаты: экзотермиялық және эндотермиялық реакцияларды ажырату; әртүрлі жанғыш заттардың қоршаған ортаға әсерін сипаттап, мысал келтіреді

Сабақ барысы:

Сабақты бастамас бұрын оқушыларды топқа бөліп аламыз, 1-топ: жылу; 2- топ: жарық; 3-топ: энергия. Құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту мақсатында апта дәйексөзімен таныстырамыз. Жасанды интеллект пайдалану арқылы бейнеролик көрсету арқылы. Үй тапсырмасын PixVerse ai жасанды көмекші арқылы жасалынған бейнеролик тамашалап ары қарай ұяшықтарда жасырылған сұрақтарға жауап береді. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу мақсатында миға шабуыл әдісімен суреттер берілген сол арқылы жаңа сабақты ашамыз. Оқушыларға жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты хабарланып, әрі қарай түсіндіріледі.

1. Топтық жұмыс “Жылу патшалығы” комикс платформасы арқылы жасалған суреттерде есептер жасырылған. Топпен есеп шығарып талқылады

2. ⁠жұптық жұмыс. “Шашбау” әдісі арқылы жауабы тақтада ілініп тұрады, сұрақтарды оқып жауаппен сәйкестендіреді.

3. ⁠жеке жұмыс. Әр оқушыға жеке тапсырмалар таратылды.

4. ⁠сабақтың соңында бекіту тапсырмасы орындалды, PixVerse ai жасанды көмекші арқылы сұрақ-жауап әдісімен бекітіледі.

5. ⁠кері байланыс ретінде “Соңғы 5 секунд” әдісімен әр оқушыдан қорытынды сабақ сұралады. Бағалау бойынша әр оқушыны 1-10балл арқылы тапсырмадан кейін бағаланып отырды.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Мұғалім: Әділжанова Айғаным Русланқызы, Пәні: математика

Тақырыбы: «Цифрлық педагогика: комикс пен мультфильмді сабақта қолдану»

Өткізілген іс-шара түрі: Панорамалық сабақ

Мақсаты: Оқыту үдерісінде комикс пен мультфильмді тиімді қолдану жолдарын көрсету, мұғалімдердің цифрлық педагогика бойынша құзыреттілігін арттыру.

Сабақтың мазмұны

Панорамалық сабақ барысында қатысушыларға цифрлық педагогика ұғымы кеңінен түсіндіріліп, сабақта визуалды құралдарды — комикс пен мультфильмді қолданудың маңызы жан-жақты ашылды.

         1.      Жасанды интеллект туралы ақпарат берілді.

– ЖИ-дің не екені, оның негізгі принциптері мен білім беру саласындағы рөлі түсіндірілді.

– ЖИ технологияларының шығу тарихы, даму кезеңдері және қазіргі қолданысы туралы мәлімет ұсынылды.

         2.      Комикс пен мультфильм жасаудың жолдары көрсетілді.

– Қатысушыларға комикс құрастырудың кезеңдері, сюжеттік желі құру, кейіпкер таңдау және мәтіндік буллдарды қолдану әдістері таныстырылды.

– Мультфильм жасаудың қарапайым әрі қолжетімді цифрлық құралдары мен платформалары көрсетіліп, олардың сабақ мазмұнын түрлендіруде тиімділігі дәлелденді.

         3.      Буклет (брошюра) таратылды.

– Брошюрада ЖИ туралы қысқаша мәлімет, комикс және мультфильм құрастыру нұсқаулықтары, сабақта қолдану бойынша практикалық кеңестер берілді.

         4.      Семинар қорытындысы ретінде комикс жасалды.

– Қатысушылар семинар барысын комикс түрінде бейнелеп, өз тәжірибесін шығармашылық форматта қорытындылады.

Нәтижесі

Панорамалық сабақ мұғалімдердің цифрлық педагогикаға қызығушылығын арттырып, комикс пен мультфильмді сабақта қолданудың нақты әдістерін меңгеруге мүмкіндік берді. Қатысушылар ЖИ-дің білім берудегі рөлімен танысып, заманауи визуалды материал жасау бойынша практикалық дағдыларын жетілдірді.       

Саға жалпы білім беретін орта мектебі.

Мұғалімі Сапина Әсемгүл Болатқызы, Пәні:химия

Chatgpt,Copilot ai,Grok,narekeet,capcut, Zapworks canva платформалары арқылы жасалатын мульфильм 3Д обектіні жасау тәжірибесімен бөлістім.

Мульфильм жасау үшін

Алдымен Chatgpt арқылы сценарий құрып Copilot ai мен фото генерациялап Grok ai платформасымен фотоны жандандырып narakeet платформасымен персанаждарды сөйлетіп Capcut платформасы арқылы видеоларды қосып мульфильм құрастыру жолын көрсеттім.

Zapworks және canva

Zapworks платформасының мүмкіндіктері өте көп 3д обекті визит карта жасауға болады.Ол үшін алдымен саnva платформасымен өзімізге керекті тапсырма дайындап аламыз.екінші қадам zapworks платформасы арқылы 3д обектіні жасап дайын болған KQ арқылы оқушыларға дайын болған тапсырманы ұсынамыз.Оқушыларға тақырыпты қызықты есіп түсіндіруде қызықты тапсырма беруді бірде-бір ыңғайлы платформа.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Мұғалім: Әшібай Айқаракөз Сағитжанқызы, Пәні: қазақ тілі мен әдебиет

Панорамалық сабақ

Тақырыбы Заманауи платформалар арқылы қазақ тілінде еркін сөйлеуге үйрену

Мақсаты: Оқушыларға қазақ тілін замануи цифрлық платформалар арқылы тиімді әрі жеңіл меңгеру мүмкіндіктерін көрсету, салыстырмалы талдау жасап, ұсыныс ұсыну. Balatili.kz , Tilmedya, Sozdikqor, til qural, steppe games платформаларымен таныстырып , ойын түріндегі сабақтар көрсетілді.

Шенгелши негізгі орта мектебі.

Мұғалімі Ізбасар Жансая Кәдірханқызы, Пәні: ағылшын тілі

Тақырыбы: Жасанды интеллект – цифрлық педагогика құралы

Мақсаты: жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне тиімді интеграциялау жолдарын көрсету, мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыру және заманауи AI-платформалардың мүмкіндіктерімен таныстыру.

1. Жасанды интеллект ұғымы және оның цифрлық педагогикадағы рөлі түсіндірілді.

AI мұғалім жұмысына көмекші құрал ретінде қарастырылды.

2. Gemini, Haiuo, Sora, FSpeechGen, Wayground платформалары таныстырылды.

3. ⁠Практикалық бөлім өткізілді:

  • Тыңдаушыларға платформалар интерфейсі көрсетілді.
  • Қарапайым тапсырма: мәтіннен видео/аудио жасау, сабаққа арналған контент құрастыру демонстрацияланды.
  • Қатысушылар AI құралдарының білім беру саласында қолдану мысалдарын қарастырды.

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі

Мұғалім: Ғайнедин Аймереке Жанболатқызы, мамандығы: әлеуметтік педагог

"Жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру" тақырыбындағы семинарда өзімнің іс-тәжірибеммен бөлістім. Семинар жұмысының негізгі мақсаты – білім беру ұйымдарында оқушылардың физикалық және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қолайлы, мейірімді және құрметке негізделген орта қалыптастыру бағытында педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру болды.

Алдымен қатысушыларға қазіргі мектептердегі буллинг мәселесінің өзектілігі, оның түрлері, көрініс беру формалары және оқушы тұлғасына тигізетін теріс әсерлері туралы ақпарат берілді. Буллингтің алдын алу үшін мектепте жүйелі профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырудың маңыздылығы, соның ішінде ата-аналармен, сынып жетекшілерімен және оқушылар қауымымен бірлескен іс-шаралардың рөлі жан-жақты түсіндірілді. Әріптестер назарына нақты мысалдар мен тәжірибеден алынған жағдайлар ұсынылып, оларды талдау арқылы тиімді шешу жолдары көрсетілді.

Семинар барысында сондай-ақ Qolday телеграмм ботының құрылу мақсаты, оның функционалдық ерекшеліктері және білім алушыларға қолдау көрсету тетіктері таныстырылды. Боттың буллинг немесе қиын жағдайға тап болған оқушыларға жедел көмек алуына мүмкіндік беретіні, құпиялылық және қолжетімділік қағидаттарымен жұмыс істейтіні түсіндірілді. Педагогтер Qolday платформасының оқушылар арасында сенім орнатуға және олардың мәселелерін дер кезінде анықтауға ықпал ететін тиімді құрал екеніне көз жеткізді.Жұмыс соңында педагогтерге Қазақстандағы буллингке қарсы іс-әрекеттерге қатысты нормативтік-құқықтық актілер жинақталған әдістемелік кітапша таратылды.

Қожасай орта мектебі                      

Мұғалім: Қайдаш Жанар Берікқызы, Пәні: Ағылшын тілі        

Curipod, Ustaz AI, HeyGen плтформаларын көрсетіп, тәжірибесімен Curipod — интерактивті сабақ жасау платформасы

Сuripod — мұғалімдерге дайын шаблондармен интерактивті презентациялар, сұрақ-жауап, викториналар құруға көмектесетін заманауи құрал.

✔ Сабақты қызықты етеді

✔ Оқушы жауаптарын бірден көрсетеді

✔ Бір батырмамен сабақ жоспарын жасауға болады

Ustaz AI — қазақ мұғалімдеріне арналған жасанды интеллект

Ustaz AI — Қазақстан ұстаздарына бағытталған оқу материалы, БЖБ–ТЖБ, сабақ жоспары, талдау, мәтін құрастыру сияқты жұмыстарды автоматтандыратын AI құралы.

✔ Қазақ тілін жақсы түсінеді

✔ Мұғалімнің жұмысына бейімделген

✔ Құжат, тапсырма, баяндама, тест жасауға ыңғайлы

HeyGen — бейне жасауға арналған AI

HeyGen — мәтінді видеоға айналдыратын, аватарлармен сөйлейтін видео жасайтын қуатты жасанды интеллект.

✔ Дауыс пен бет қимылын синхрондайды

✔ Кез келген мәтінді бірнеше тілде сөйлетеді

✔ Презентация, түсіндіру видеолары үшін өте ыңғайлы

Қорытынды:

Семинар өте жоғары деңгейде өтті. Қатысушылар жаңа білім алып, өз тәжірибесіне заманауи тәсілдерді енгізудің маңыздылығын түсінді. Мұғалімдерге жасанды интеллектті білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдары бойынша әдістемелік ұсыныстар берілді.   Семинар соңында тәжірибесімен бөліскен педагогтар аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды. Осы семинар арқылы мұғалімдер ХХІ ғасырдың цифрлық дәуіріне сай икемделіп, білім беру үдерісіне инновация енгізуге қадам жасайды. Семинарға аудан мектептерінің пән мұғалімдері мен аудандық білім бөлімінің методисті Тулеумұхамбетова Гүлманат Сәлімжанқызы қатысты. Семинар соңында тәжірибесімен бөліскен педагогтар аудандық білім бөлімі басшысының алғыс хатымен марапатталды.

Орындаған: Жоламанова У.А./қббп/

 

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»