Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

 

Қамқоршылық кеңестің №1 отырысы

АНЫҚТАМА

2026 жылғы 28 қыркүйек күні «Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ-де 2026–2027 оқу жылындағы Қамқоршылық кеңестің алғашқы отырысы өткізілді.

Отырыс барысында Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамы таныстырылып, кеңес төрағасы мен хатшысы сайланды. Кеңестің негізгі мақсаттары мен міндеттері түсіндіріліп, 2026–2027 оқу жылына арналған жұмыс жоспары қаралып, бекітілді.

Жиын барысында мектеп пен ата-аналар және қоғам арасындағы ынтымақтастықты нығайту, оқушыларға қолайлы әрі қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру, әлеуметтік қолдау көрсету және мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, биыл Қожасай негізгі мектебінің де Қамқоршылық кеңес құрамына қосылуына байланысты екі мектеп арасындағы бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру, өзара ынтымақтастықты дамыту және ортақ міндеттерді жүзеге асыру қажеттілігі атап өтілді.

Отырыс қорытындысы бойынша Қамқоршылық кеңестің алдағы жұмыс бағыттары айқындалып, бекітілген жоспарға сәйкес жұмыстарды жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

           Әлеуметтік педагог: Утеулина Н.Е.

 

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»