«Заң өзіңнен басталады»
«Заң және тәртіп» айлығы аясында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға құрмет сезімін қалыптастыру мақсатында «Заң өзіңнен басталады» атты ашық сұхбат ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтық жауапкершілік туралы өзекті мәселелерді талқылады. Ашық сұхбат еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарына нақты жауаптар алды. Шараның басты мақсаты – қоғамда заң үстемдігін нығайтып, әрбір азаматтың заңға деген жауапкершілігін арттыру.
https://www.instagram.com/reel/DTuJw9njHvQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Жауапты: А.Ж.Ғайнединова /әлеуметтік педагог/




