«Кітаппен өткен бір апта»
«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 8-сынып оқушылары арасында «Кітап өткен бір апта» атты кітап оқу апталығы ұйымдастырылды.
Шараның мақсаты: оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру,көркем әдебиетті насихаттау және оқыған шығармалары туралы өз ойларын еркін жеткізуге баулу.
Апталық барысында оқушылар түрлі кітаптар оқып,әдеби шығармалардың мазмұнымен танысты.Оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісіп,кейіпкерлердің іс –әрекеттері туралы пікірлерін білдірді.
Іс-шараға қатысқан оқушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп,оқудың адам өміріндегі маңызы туралы ойларын ортаға салды.Апталық барысында оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып,кітап оқуға ынталандыру жұмыстары жүзеге асырылды.
Кітаппен өткен әр күн оқушылардың ой –өрісін кеңейтіп,рухани дүниесін байыта түсті.Тағылымды апталық олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттырып,білімін толықтыруға ықпал етті.
Кітап оқитын ұрпақ –кемел болашақтың негізі!





