️⚜️АДАЛДЫҚ LIVE
Күзгі каникул уақытында оқушылардың⚜бос уақытын тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік және адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру мақсатында 8–10-сынып оқушылары арасында «Адалдық LIVE» тақырыбында шығармашылық байқау ұйымдастырылып, өткізілді.
Байқау үш бағыттың бірін таңдау бойынша ұйымдастырылды:
1. «Адалдық бояулары» – адалдық тақырыбында сурет, плакат және постер дайындау.
2. «Адалдық менің көзіммен» – ерекше идеялар арқылы коллаж, макет және шығармашылық туындылар жасау.
3. «AI & Адалдық» – жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, адалдық тақырыбында шығармашылық жұмыстар әзірлеу.
Байқау барысында оқушылар өздерінің шығармашылық қабілеттерін, тың идеяларын және тақырыпқа деген көзқарастарын көрсетті. Ұсынылған жұмыстар мазмұны, ерекшелігі, көркемдік сапасы және тәрбиелік мәні бойынша бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
🏆 Бас жүлде – 9-сынып
І орын – 8 «А» сыныбы
ІІ орын – 10-сынып
ІІІ орын – 8 «Ә» сыныбы
Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз нәтижесін берді.
Өткізген: А.Сафарғали





