«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
🏆✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🌟 «Ғажайып ертегілер әлемі» облыстық байқауының облыстық кезеңінде ерекше шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі 3-орын жеңіп алған Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Наурызова Гульбарша Болатбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! 💐🥇 Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің, кәсіби біліктілік пен бала тәрбиесіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын нәтижесі!👏 Еңбегіңіз әрдайым жемісті, жетістіктеріңіз еселі болсын! Биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіз!

- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
🏆✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🌟 «Ғажайып ертегілер әлемі» облыстық сайысының аудандық кезеңінде ерекше шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Наурызова Гульбарша Болатбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! 💐🥇 Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің, кәсіби біліктілік пен бала тәрбиесіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын нәтижесі!🌟 Облыстық кезеңге жолдама алған Гульбарша Болатбековнаға алдағы сайыста сәттілік, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз!👏 Еңбегіңіз әрдайым жемісті, жетістіктеріңіз еселі болсын! Облыстық кезеңде де биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіз!

- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🎉 !📚 Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған математикалық «Алтын тұғыр» олимпиадасының аудандық кезеңінде Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Бекжасар Айша Ерболқызы өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды! 🥉👏🌟 Бұл жетістік – ұстазымыздың тынымсыз еңбегінің, ізденімпаздығы мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.💐 Айша Ерболқызын лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жеңістер тілейміз!✨ БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!

- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰРПАҚҚА МҰРА⚜️
Күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізу және ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында мектебімізде «Асық ату» жарысы өткізілді.
Жарысты үйірме жетекшісі Қ.Ш. Медеуов ұйымдастырып, оқушылардың мергендігін, ептілігін және шапшаңдығын шыңдауға бағытталған қызықты сайыс өткізді.
Жарыс барысында оқушылар ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын танытып, өзара бақ сынасты.
Ұлттық ойындарымызды ұлықтау – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің жарқын үлгісі!
Өткізген: Қ.Медеуов \үйірме жетекшісі\
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»






