«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ
КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа» ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
🏆✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🎉 ҰСТАЗЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІГІ – МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ!📚 Аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Акимадин Мөлдір Русланқызы өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІІ ОРЫНҒА ие болды! 🥉👏🌟 Бұл жетістік – ұстазымыздың тынымсыз еңбегінің, ізденімпаздығы мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.💐 Мөлдір Русланқызын лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жеңістер тілейміз!✨ БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕПІЛІ
!
- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
🎉 📚 Аудандық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Әшібай Айқаракөз Сағитжанқызы өзінің кәсіби шеберлігі мен білімін жоғары деңгейде көрсетіп, жүлделі ІІ ОРЫНҒА ие болды! 🥈👏🌟 Бұл жетістік – ұстазымыздың тынымсыз еңбегінің, ізденімпаздығы мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.🎖️ Айқаракөз Сағитжанқызына облысқа жолдама берілді!💐 Айқаракөз Сағитжанқызын лайықты жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жеңістер тілейміз!🍀 Облыстық кезеңде де сәттілік тілейміз! Облыста да жоғары нәтиже көрсетіп, мектебіміздің абыройын асқақтата берсін деп тілейміз!✨ БІЛІКТІ ҰСТАЗ – БІЛІМДІ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!

- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
🏆✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🌟 «Үздік дене шынықтыру педагогі – 2026» облыстық кәсіби байқауында ерекше кәсіби шеберлігі мен жоғары деңгейдегі шығармашылық қабілетін көрсетіп, жүлделі 2-орын жеңіп алған Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Каужимова Дидар Губайдоллаевнаны шын жүректен құттықтаймыз! 💐🥇 Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, кәсіби біліктіліктің, салауатты өмір салтын дәріптеуге деген шынайы сүйіспеншілік пен бала тәрбиесіне деген адалдықтың жарқын нәтижесі!👏 Еңбегіңіз әрдайым жемісті, жетістіктеріңіз еселі болсын! Биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіз!

- Толығырақ
- Автор: Школа
- Категория: Біздің жетістіктеріміз
🏆✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🎉 ҰСТАЗЫМЫЗДЫҢ ЖЕТІСТІГІ – МЕКТЕБІМІЗДІҢ МАҚТАНЫШЫ!📚 “Үздік дене шынықтыру педагогі” аудандық байқауында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Қаужимова Дидар Губайдоллаевна өзінің кәсіби шеберлігі мен жан-жақты білімін жоғары деңгейде көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алды! 🥇👏🌟 Бұл жетістік – ұстазымыздың тынымсыз еңбегінің, ізденімпаздығы мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігінің жарқын көрінісі.💐 Дидар Губайдоллаевнаны лайықты жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да шығармашылық табыс, кәсіби биіктер мен толағай жеңістер тілейміз!✨ МЫҚТЫ ҰСТАЗ – САЛАУАТТЫ ҰРПАҚ КЕПІЛІ!

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»
ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»




