⚜️ҰЛТТЫҚ ОЙЫН – ҰРПАҚҚА МҰРА⚜️
Күзгі каникул уақытын тиімді ұйымдастыру, оқушылардың бос уақытын пайдалы өткізу және ұлттық спорт түрлерін насихаттау мақсатында мектебімізде «Асық ату» жарысы өткізілді.
Жарысты үйірме жетекшісі Қ.Ш. Медеуов ұйымдастырып, оқушылардың мергендігін, ептілігін және шапшаңдығын шыңдауға бағытталған қызықты сайыс өткізді.
Жарыс барысында оқушылар ұлттық ойынға деген қызығушылықтарын танытып, өзара бақ сынасты.
Ұлттық ойындарымызды ұлықтау – ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудің жарқын үлгісі!
Өткізген: Қ.Медеуов \үйірме жетекшісі\






