2025-2026 оқу жылындағы ұсынатын мектеп формасы
Мектеп формасы-оқушылардың оқу орнында киетін біркелкі киім үлгісі. Ол оқушыларды бірегей етіп көрсету, тәртіп пен ұжымдық рухты қалыптастыру мақсатында енгізіледі. Мектеп формасы киімнің тазалығы мен тәртібін қадағалау мақсатында енгізіледі.
Ер балалар үшін: қою көк түсті жилет немесе костюм, ақ көйлек, классикалық үлгідегі қою көк түсті шалбар, қара туфли, галстук.
Қыз балалар үшін: қою көк түсті жилет немесе сарафан, ақ кофта, тізеден төмен ұзындықтағы қою көк түсті белдемше, қара немесе ақ түсті туфли, ақ бантик.
Мектеп формасы ұсынылған дизайнге сәйкес бірыңғай ыңғайлы және қонымды болуы тиіс.