Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

         Педагог психологінің І жарты жылдық  бойынша жүргізілген

          жұмыстары бойынша жазбаша есебі

2023-2024 оқу жылы

      Қыркүйек айында мектеп психологының жылдық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар бойынша төмендегі жұмыстар жүргізілді:

Дарынды оқушылармен жүргізілген жұмыстар

Оқушылардың темперамент типтерін анықтау мақсатында, 8-11 класс оқушыларынан «Темперамент» диагностикасы жүргізіліп нәтижесінде;
8 “а”класс бойынша:
Сангвиник - 4 оқушы

Флегматик- 6 оқушы

Холерик - 1 оқушы

8 “ә” класс бойынша

Сангвиник - 3оқушы

Флегматик- 6 оқушы

Холерик - 2оқушы

Аралас тип - 1 оқушы

9 “а” класс бойынша:

Сангвиник-7 оқушы

Флегматик-5 оқушы

Холерик - 3 оқушы

9 “ә” класс бойынша:

Сангвиник - 2 оқушы

Флегматик- 7 оқушы

Холерик - 5 оқушы

10 класс бойынша:

Сангвиник - 5 оқушы
Флегматик - 6 оқушы

Холерик - 2оқушы

Аралас тип - 1 оқушы
11 класс бойынша:
Сангвиник - 4 оқушы
Флегматик - 7 оқушы
Аралас тип - 1 оқушы

Көптік ақыл ой теориясына сәйкес өз қабілеттілігін анықтау мақсатында 5-11 класс оқушыларынан Гарднердің әдістемесі алынып, оқушылар  қандай мамандыққа икемді екендіктерін білді.

Аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

       Қауіптен бас тартқан жағдайдағы әлеуметтік дағдыларды дамыту; Бақылау және өзін-өзі қадағалау сәттеріндегі дағдыларды дамыту; Қарым-қатынастың вербальды және басқа құралдарды дамыту; Әлеуметтік ықтимал қауіпті жағдайларды айыра білу қабілеттерін қалыптастыру; Әлеуметтік қауіп жағдайларындағы іс-әрекет амалдары туралы көріністерді дамыту мақсатында 5,6 класс оқушыларына «Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту» тренингі жүргізілді.

         Сыпайы бас тарту қиынға соқты ма, басқаша түрлері қалай әсер етті?
 Өтінішпен сұраған уақытта сізде қандай сезімдер пайда болды?  Оқушылардан  сұраған кезде өтінішті орындау қиынға соққан жоқ,өйткені достық қарым-қатынас маңызды  екенін айтты.
          Үйде және далада қандай қауіпті жағдайлар кездесуі мүмкін? Соған байланысты кеңестер берілді.
Жанжал жағдайларында мінез-құлықтың сындарлы (конструктивті) амалдарын дамыту, сенімділік тәжірибесін толықтыру, құрбыларымен зорлық-зомбылықсыз өзара сыйласымды қарым-қатынас жасауға дағдылану мақсатында 7 класс оқушыларына

«Пікірталас-жанжал емес» тренингі жүргізілді. Жаттығу барысында,қалай ұрыспауға болатындығы туралы әңгіме қозғалды. Ұрыс болған күннің өзінде, бір-бірімен қандай сөздердің көмегімен татуласуға болатыны жайында ойлырын айтты. «Интонация» немесе «Дауыс ырғағы» ойынында, оқушылар жұпқа бөлініп, бір-бірлерімен ойнағанда, дауласқанда, бұйымтай сұрағанда, өтініш жасағанда, қандай үнмен сөйлесетіндіктерін көрсетті. Әрқайсысы кезекпен,
«Сәлем! Менің есімім... Бұл ойынды ойнауға қазір менің кезегім» − алдымен ренжіп, содан соң сенімді түрде, кейін тілектес мейрімді көңілмен, осы  сөздерді айтып шықты.
  Қандай дауыс ырғағын тиімдірек сезіндің?. Осы дауыс ырғағын қаншалықты жиі пайдаланасың? сұрақтарына талдау жүргізілді.«Сенге» көшудің жағымсыз әсерін сезіну жаттығуы жүргізілді.
«Мен... айтып салар едім» жағдаяттар беріліп,сол жағдаяттарға байланысты сөйлемді жалғастырды. Тренинг соңында, менің бұл сабақтан алған тәлімім... Маған ұнағаны... Маған ұнамағаны... Менің естігім, білгім, жасағым келгені... сөздеріне сөйлемдерді жалғастырды.

      Басқаларға қиындық туындаған уақытта көмек көрсету мен өзгенің қайғысына, қуанышына ортақтаса алуға үйрету. Өткен сабақтарда біз ашу-ызаның не екенін және онымен қалай күресу керектігін талқыладық. Енді біз ренішпен қалай күресу керектігін үйренейік. Өз-өзін ұстай білуге үйрету мақсатында 8,9 класс оқушыларына«Реніштен арылу» тренингі жүргізілді.

10  класс  оқушыларымен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу жоспарлы жұмысына сәйкес "Мен өзімді мақтай аламын" тақырыбында тренинг жүргізілді. Оқушылар тренингке белсене қатысып,   жетістікке жету кезінде, қуанған сәттерін және келешекте өздерін қалай елестететіні жайлы тапсырмалар орындап, соңында бір-біріне қол шапалақтап, қошемет көрсету арқылы тренингті аяқтады.

      6,7 класс оқушыларына аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау мақсатында «Вагнер қолдары»әдістемесі жүргізілді. Алынған диагностика қорытындысы бойынша, агрессияға бейім оқушылар анықталған жоқ.
       8-11 класс арасында  күйзеліс, үрей, депрессия деңгейін анықтау мақсатында Дасс сауалнамасы алынды. 8,9,10 класс оқушыларынан зерттеу нәтижесі бойынша қорқыныш, стресс, депрессияға бейімділігі бар оқушылар анықталған жоқ.

 Адамның отбасында өзін психологиялық сезінуін диагностикалау мақсатында 5 класс оқушыларына «Бөтелкедегі қозы» проективті тест жүргізілді. Диагностика нәтижесі бойынша    жалпы оқушылардың отбасындағы жағдайлары қалыпты екені анықталды.
Зорлық – зомбылықтың алдын алу мақсатында, «Қауіпсіз-мектеп, қауіпсіз балалық шақ» тақырыбында іс-шара өтті. Сабаққа келген оқушыларды мектептің кіре берісінде жақсы көңіл-күймен қарсы алып, қораптың ішінен сыйлықтар берілді. «Көңілді күн» әуені ойнап тұрды. Оқушылар өз ризашылықтарын білдірді.

                               Оқушылармен жүргізілген жұмыстар

    Бейімделу себептерінің алдын алу мақсатында 1 сынып оқушыларымен бейімделу жаттығулары жүргізілді.

    Қатаю дан арылу, жылы достық қарым – қатынастық қалыптастыру мақсатында «Күн шуақты алаңқай» жаттығуы жүргізіліп,нұсқаулық берілді. Қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы өз өздерінің ұнатқан гүлін түйіп, жылы лебіздерін, тілектерін білдіріп, «Күн шуақты алаңқай» жаттығуымен аяқтады.

       Қазан айында мектепте оқуға дайындықты скринингтік тексеру мақсатында Н.Семаго, М.Семаголардың диагностикасы 1 “а” класс оқушыларынан алынып,   нәтижесінде, жүргізілген диагностика нәтижесі бойынша, мектепке дайындығы жоғары деңгей- 50%, ортаңғы деңгей- 30%. дайындығы ортадан төмен - 20% Мектепке дайындығы өте төмен оқушылар анықталған жоқ.1 “ә” класс оқушыларынан алынып,   нәтижесінде, жүргізілген диагностика нәтижесі бойынша, мектепке дайындығы жоғары деңгей- 70%, ортаңғы деңгей- анықталмады. Дайындығы ортадан төмен - 30% Мектепке дайындығы өте төмен оқушылар анықталған жоқ.

      6,7 класс оқушыларына аутодеструктивті мінез-құлықты анықтау мақсатында «Вагнер қолдары»әдістемесі жүргізілді. Алынған диагностика қорытындысы бойынша, агрессияға бейім оқушылар анықталған жоқ.

        1,5 класс оқушыларына мектепке деген мотивациясын  анықтау мақсатында «Менің сыныбым» суреттік жобалау тесті жүргізіліп нәтижесінде мектепке жағымсыз қатынасы, мектеп дезадаптациясы төмен оқушылар анықталған жоқ.

      Мектепте оқуға деген мотивациясын анықтау мақсатында, мектептік мотивация әдістемесі (Н.Г.Лусканов) 5,10 класс оқушыларынан алынды. Нәтижесінде, 5 сыныптан диагностика қорытындысы бойынша:

Мектеп мотивациясы жоғары деңгейді көрсетті.

Мектепке деген теріс қарым-қатынасын яғни мектеп дезадаптациясы төмен  оқушы анықталмады.

Мектеп мотивациясы орта 10 оқушы анықталды. 

10 сынып оқушыларынан алынған диагностика қорытындысы бойынша:

Мектеп мотивациясы жоғары 2 оқушы.

Мектепке деген теріс қарым-қатынасын яғни мектеп дезадаптациясы төмен 1 оқушы.

Мектеп мотивациясы орта 11 оқушы анықталып, педагог-психологқа: оқушылардың оқуға деген мотивациясын арттыру мақсатында топтық тренингтер жүргізу.
Мұғалімдерге: оқушылардың қызығушылығын көтеру мақсатында, қосымша әдістерді пайдаланып, қызықты өткізу.
Класс жетекшіге: диагностика қорытындысымен сынып жетекшісін таныстыру. Ата-аналарымен байланыста болу.Оқушылармен әрі қарай жұмыстануға ұсыныстар берілді.Бейімделу себептерінің алдын алу мақсатында 5 класс оқушыларына «Мен бесінші сыныпқа барамын» бейімделу тренингі жүргізілді.
Тренингтің мақсаты топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топқа өзін қалай ұстайтынын бақылау.
 «Қарым-қатынас» тренингі, «Сиқырлы ғажайып орман», «Капитан» жаттығулары жүргізілді. Бұл ойын әрбір адамның сауаттылығын, мінез, көңіл-күйін, салауаттылық қабілетін өзгерте білуіне, салауаттылық арқылы өзгелермен еркін араласу қабілеттерінің дамуына көмектеседі. Бүгінгі сабақтан не өзгертер едің? – деген сұраққа байланысты балалардың пікірі тыңдалды.

Қараша айында, топ оқушылары арасында қарым-қатынасты зерттеу мақсатында 5-11 сынып оқушыларына «Социометрия» әдістемесі алынды. Диагностика қорытындысы бойынша сынып лидерлері, сынып белсенділері және де оқшауланған оқушылар анықталды.оқушауланған оқушыларды класс жетекшіге ұсыныс ұсынылды. Оқушыны түрлі іс - шараға қатыстыру, ортамен қарым - қатынасын қадағалау тапсырылды.Оқшауланған оқушыларды  бір айдан кейін, қайта диагностика алынады.  

Желтоқсан айында, оқушылардың зейін еріктілігін анықтау мақсатында  2 класс оқушыларынан «Үйшік», «Моншақ» әдістемелірі алынды.

Диагностика қорытындысы бойынша:

Зейін еркітілігі жақсы - 12 оқушы 

Зейін еріктілігі орташа - 6 оқушы

Зейін еріктілігі баяу - 1 оқушы
Класс жетекшіге зейін еріктілігі баяу оқушылармен дамыту жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілді.
«Моншақ» диагностика қорытындысы бойынша барлық оқушылар тапсырманы дұрыс орындаған.

Оқушылардың адам құқығы,оның ішінде бала құқығы жөнінде түсінігін кеңейту, әрбір адам өз құқығын біліп, өзгенің құқығын бұзбауға үйрету, құқықтық тәрбие беру мақсатында 2,3,4 класс оқушыларына класс жетекшілермен бірлесіп «Бала және Заң» тақырыбында тәрбие сағаты өтті. Тәрбие сағатын мектеп психологы «Бала құқығы» атты тренингі мен бастады. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы жауаптарын алды. Тренинг ойын түрінде өтті.

Зиянды әдеттерге әуестігін нашақорлық, маскүнемдік, шылым шегудің зияндары жайлы қаншалықты хабардар екенін зерттеу мақсатында 5,6 класс оқушыларына сауалнама жүргізілді.
Нәтижесінде:
 5 класс психологиялық зерттеу нәтижесі бойынша оқушылардың 100% зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін жері жайлы хабардар
-         Шылым шегуге әуестігі жоқ   100%
-         Алкогольдің сусындарға әуестігі жоқ 100%
-         Сыра татып көрмегендер 100%
-         Есірткі қолдану болған жоқ 100%

6 класс психологиялық зерттеу нәтижесі бойынша оқушылардың 100% зиянды әдеттердің денсаулыққа тигізетін жері жайлы хабардар
-         Шылым шегуге әуестігі жоқ   100%
-         Алкогольдің сусындарға әуестігі жоқ 100%
-         Сыра татып көрмегендер 100%
-         Есірткі қолдану 100%  жоқ. Сауалнама қорытындысы бойынша қалыпты.

 

Жыныстық тиіспеушілік және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша жүргізілген жұмыстар

   Балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтау және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу мақсатында «Зорлық-зомбылық туралы мен не ойлаймын» тақырыбында 5-11 класс оқушыларынан сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша зорлық-зомбылық фактлері анықталған жоқ.

Қыз баланың тәрбиесі – халықтың ең қымбат байлығы екендігін қыз балаларға ұғындыру мақсатында «Қыздар психологиясы» тақырыбында дәріс өтіп, слайдпен таныстырылды. өз баяндамасында өнегілі тәрбиелі қыз бала қандай болу керектігі және қыз өмірдің қызғалдағы,қыздар болашақ ана,бақыт байлық ошағы,адамзаттың өсіп-өркендеп,тәлім тәрбие алатын қасиетті ұясы екендігін түсіндірді.Қыздар тәрбиесі арналған кеңестер берілді. Қыз балалар бір-бірімен жақын танысып, бір-бірлерінің жақсы қасиеттерін білді. Жаттығу басында тұйықталып тұрған қыздар ашылып, жаттығу соңына қарай белсенділік танытты. Бұл балалар алдағы уақыттта осындай жаттығулар болып тұрса деген тілектерін айтты.

                                        Ата-аналармен жүргізілген жұмыстар

       Аты аталған мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді өткізу туралы ата-аналарға немесе заңды өкілдеріне 2023-2024  оқу жылына арналған жұмыс жоспары туралы хабарланды. Баланы психологиялық сүйемелдеу, психологиялық диагностика, консультация беру; тренингтер (жеке, топтық) жұмыстары жас ерекшеліктеріне қарай жүргізілетіндігі туралы түсіндірілді.

       Мектепте жалпы 249 оқушы бар. Оның 123- ер бала, 126-қыз балалар. Барлық білім алушылардың ата-аналары психологиялық бағыттар бойынша жүргізілетін жұмыстарға өз келісімдерін берді. Қарсылық танытқан ата-аналар болған жоқ.

      Баланың мектепке дайындығын анықтау мақсатында,1 сынып ата-аналарынан «Балаңыз мектепке дайынба?» сауалнамасы жүргізілді.

 Диагностика қорытындысы бойынша:
          15-18 балл–сіздің балаңыз мектепке дайын деуге болады. Сіз онымен уақытыңызды текке кетірмепсіз. Егер мектепте қандайда бір қиындықтар      кезіксе ол тез шешілетін мәселе.
          10-14 балл- сіз дұрыс жолдасыз,балаңыз көп нәрсені үйреніп қалды,ал сіздің ро сұрақтарға жауап беруіңізөлі де біраз тер төгу керек дегенді білдіреді.
          9 және одан да төмен – балаңызға арнайы әдебиеттерді көп оқып беріңіз,оған уақытыңызды көбірек бөліңіз және балаңыздың нені істей алмайтынын   біліп, соны алып кетуіне көмектесіңіз.

          Балаға үнемі қолдау,көмек көрсету және әрдайым мадақтау.Үнемі сынып жетекші және психологпен байланыста болуларына ата-аналарға ұсыныстар берілді.

Балалармен бірге мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету.бала тәрбиелеу сапасының аз да болса жоғарлауына ықпал ету мақсатында «Отбасы-өмір мәні» тақырыбында жалпы ата-аналардың қатысуымен тренинг жүргізілді.

«Көңілді дөңгелек» сергіту жаттығуында, көңілді дөңгелекті бір-бірлеріне қолдарын үзбей жеткізіп беру арқылы ата-аналар сұрақтарға жауап берді.
Ата-аналарға сұрақтар беріліп, ауызша жауаптары алынды.
Жанұя туралы пікірлерін ортаға салу мақсатында топтық жұмыс болды.
Екі топқа плакатқа салынған сурет берілді. Бір топқа талдың  суреті, екінші топқа гүлдің суреттері берілді. Жанұяны жылы сөздермен толтыру мақсатында тілектерін жазып,талды алмаларға, гүлді көбелектерге толтырды.
Қорытынды: Ата- аналардың, қатысушылардың тілектерімен тренингіміз қорытындыланды.

Оқушылардың мектепке 1 сыныпқа бейімделуі, бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл күйлерін, сыныптың ұжымдастығын, оқушының сыныптағы орнын, пәнге, ұстазына бейімделу ерекшелігін ұғындыру мақсатында, аты аталған мектепте 1,5 сынып ата-аналарына «Оқушылардың бейімделу ерекшеліктері” атты ата - аналар жиналысы өтті. 
     Оқушылардың мектепке 1 сыныпқа бейімделуі, бастауыш буыннан орта буынға өту кезіндегі алғашқы сезімдерін, көңіл күйлерін, сыныптың ұжымдастығын, оқушының сыныптағы орнын, пәнге, ұстазына бейімделу ерекшелігін анықтау.
 Ата - аналарға балаларынан алынған диагностика қорытындысымен таныстырылды. Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауап беріліп, «Бобб ағашы», «Менің баламның сыныбы» тақырыптарында диагностика алынды.
     Жиналыс барысында бейімделуі жайлы толық мәлімет беріліп, 5-сыныпқа өткен баланың бойынан қандай өзгерістер болатыны, қандай қиындықтарға тап болатыны, және сол қиындықтарды жеңіл еңсеру үшін ата-аналар тарапынан қандай көмек, қолдау керектігі жайында кеңестер мен ұсыныстар айтылды. 
  Сонымен қатар, мектеп  пен ата-ана байланысын, отбасындағы  тәрбиенің   рөлін  арттыру, ата – ана мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайту мақсатында тренинг жаттығулары жүргізілді.
Ата –аналар тренинг барысында өте белсене ат салысып, қызықтырған сұрақтарын талдап, керекті мағлұматтар алып, ұсыныс, тілектерін айтып, ризашылықтарын білдірді. 


                                               Мұғалімдермен жүргізілген жұмыстар

        Мектебіміздің жас маман мұғалімдеріне психологиялық қолдау көрсету мақсатында кеңестер берілді. Әкімшілікпен қарым-қатынаста мынадай техниканы ұстануға: Барлығына келісім беріңіз(сізге кеңес берсе де, бұйрық берсе де. Бірақ, өзіңіз дұрыс дегенді ғана істеңіз). Мансап қумауға; өз қәтелігінен ұялмауға кеңестер берілді. Соңында жас маман мұғалімдер бір-бірлеріне жақсы тілектерін білдірді.

          Қазан айында, жас мамандармен жүргізілген «Педагогтың кәсіби бейімделуі» сауалнамасы алынды.

  ҰБТ ге жүргізілген жұмыстар

Кинезиологиялық жаттығулар арқылы балалардың гипербелсенділігін коррекциялау мақсатында 11 класс оқушыларымен кинезиологиялық жаттығулар жүргізілді.
Оқушыларға  «Айнаша сурет салу» -таза қағаз парағын үстел үстіне қойыңыз. Қарындаш немесе фломастерді екі қолға бірдей алып, әріптер немесе суреттер салу. Бұл жаттығуды орындау барысында көз бен қолдың босаңситынын сезесіз. Екі ми сыңарларының қызметінің сәйкестенуі, барлық мидың жұмыс жасауы жақсара түседі. Оқушылар екі жақ мидың жұмыс жасауына беслене қатысты. Өздері салып отырған суреттен демалып, қызығушылық танытты. Осы жаттығу бойынша  оқушылар шығармашылық қабілеттері дамыды. Сондықтанда кинезиологиялық жаттығулар баланың ми сыңарларын, ұсақ моторикасын, ес, зейін, ойлау, тілін дамытады. Ми сыңарларының өзара әрекеттесуін кешенді кинезиологиялық жаттығулар арқылы жетілдіруге болады.Жаттығу оқушылардың  денсаулығына ғана емес, көңіл-күйіне де күшті әсер берді. Көңіл күйлері көтеріліп қалды. «Емтиханға дайындықты дұрыс ұйымдастыру» тақырыбында кеңестер берілді.

                                              Профилактикалық алдын алу жұмыстар

Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру. Ата заңымызға деген сүйіспеншілік сезімін қал ыптастырып, шыншыл да әділетті және парасатты тұлғаны қалыптастыру мақсатында 9,11 класс оқушыларына «Қылмыс жақсылыққа апармайды» тақырыбында пікірталас өтті.

Педагог-психолог:З.Б.Бектұрғанова

© 2024 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»