🏆✨ ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! ✨🏆🌟 «Ғажайып ертегілер әлемі» облыстық сайысының аудандық кезеңінде ерекше шығармашылық қабілеті мен кәсіби шеберлігін жоғары деңгейде көрсетіп, БАС ЖҮЛДЕНІ жеңіп алған Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі Наурызова Гульбарша Болатбековнаны шын жүректен құттықтаймыз! 💐🥇 Бұл жеңіс – тынымсыз еңбектің, шығармашылық ізденістің, кәсіби біліктілік пен бала тәрбиесіне деген шынайы сүйіспеншіліктің жарқын нәтижесі!🌟 Облыстық кезеңге жолдама алған Гульбарша Болатбековнаға алдағы сайыста сәттілік, шығармашылық шабыт және толағай табыстар тілейміз!👏 Еңбегіңіз әрдайым жемісті, жетістіктеріңіз еселі болсын! Облыстық кезеңде де биік белестерді бағындырып, мектебіміздің абыройын асқақтата беріңіз!





