Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

⚜ҰСТАЗ-ҰЛТ ШАМШЫРАҒЫ⚜            Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Ұстаздар күніне орай «Ұстаз – ұлт шамшырағы» атты мерекелік шара өтті.

            Мерекелік кеш барысында мектеп директоры Ж.Т.Курантаева барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар педагогтерге Алғыс хаттар мен 5000 теңге көлеміндегі ақшалай сертификаттарды табыстады. Сондай-ақ арнайы қонақ ретінде шақырылған ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, мерекелік сыйлықтар табыс етілді.

            Шараға қатысқан Батпақкөл ауылдық округінің әкімі М.М.Бокашев барша ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сонымен қатар мектеп дәлізін көріктендіруге арналған гүлдер тарту етті.Мерекелік кештің сәнін мектептің өнерпаз оқушылары келтіріп, сахна төрінде әсем ән мен әсерлі өнерлерін паш етті. Ұстаздарға деген ерекше құрметтің тағы бір белгісі ретінде мектепті әр жылдары бітірген түлектердің арнайы құттықтау бейнеролигі экраннан көрсетіліп, кеш қонақтарына ерекше көңіл күй сыйлады.

            Ұстаз – шәкірт жүрегіне білім мен тәрбие дәнін себетін, ұлт болашағын қалыптастыратын мәртебелі мамандық иесі.

https://www.instagram.com/reel/DeJD4UytC5C/?stkn=ZzIzbGszYm90ZWNq

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»