🎥 Ұстаздың да бала күнгі арманы бар…
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Мектеп парламентінің ұйымдастыруымен 5 қазан – Ұстаздар күніне орай ерекше әрі әсерлі бейнеролик түсірілді.
Бейнеролик барысында ұстаздарға «Егер сіз мұғалім болмасаңыз, кім болар едіңіз?» деген қызықты сауал қойылды. Күн сайын шәкірттеріне білім беріп, бағыт-бағдар көрсетіп жүрген ұстаздар бұл жолы балалық шақтарына ойша оралып, кезінде қандай мамандық иесі болуды армандағандарын ортаға салды. Бірі дәрігер, бірі әнші, бірі журналист, енді бірі басқа мамандықты таңдауды армандағанын айтып, өздерінің бала күнгі қызықты естеліктерімен бөлісті.
Бұл бастама арқылы оқушылар ұстаздарын тек мұғалім ретінде ғана емес, өзіндік арманы, мақсаты мен бала күнгі қиялы болған тұлға ретінде жаңа қырынан таныды. Әрбір жауап ұстаздық жолдың да үлкен арманнан, ізденістен, таңдаудан басталатынын аңғартты.
Осындай шығармашылық жұмыстар оқушы мен ұстаз арасындағы байланысты нығайтып, өзара сыйластық пен түсіністікті арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушыларға әр адамның мамандық таңдауда өзіндік арманы мен өмір жолы болатынын түсінуге мүмкіндік береді.
Мектеп парламенті аталған бейнеролик арқылы ұстаздарға деген құрметін, алғысын және мерекелік жылы лебізін жеткізді. Ұстаздық – бала жүрегіне жол тауып, оның болашағына бағыт беретін ерекше мамандық. Бала күнгі армандарыңыз қандай болғанына қарамастан, бүгінде сіздер талай шәкірттің арманына қанат бітіріп, үлкен өмірге жол сілтеп келесіздер.
Жауапты: Мектеп парламенті





