🎓 ДУБЛЕР КҮНІ
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Дублер күніне орай ерекше бейнеролик дайындалды. Бейнероликте бір күн бойы ұстаздардың орнын алмастырып, мұғалім міндетін атқаратын белсенді әрі жауапкершілігі жоғары оқушылар таныстырылды.
Дублер күні – оқушылар үшін тек қызықты шара ғана емес, үлкен жауапкершілік пен жаңа тәжірибе алаңы. Бұл күні дублер оқушылар сабақ өткізіп, сыныппен жұмыс жасап, ұстаз еңбегінің қыр-сырын жақынырақ сезінуге мүмкіндік алады. Сонымен қатар, олардың көшбасшылық қабілеті, ұйымшылдығы, өзіне деген сенімділігі мен жауапкершілігі шыңдалады.
Дайындалған бейнеролик арқылы мектеп оқушылары Дублер күнінде мұғалімдердің орнын алмастыратын оқушылармен алдын ала танысып, олардың қай пәннен және қандай міндет атқаратынын білуге мүмкіндік алды. Бұл жұмыс оқушылардың Дублер күніне деген қызығушылығын арттырып, алдағы шараға ерекше көңіл күй сыйлады.
Дублер күні – оқушыға өзін жаңа қырынан танытуға, ұстаз мамандығының маңызын түсінуге және бір күнге болса да мұғалім еңбегін сезінуге мүмкіндік беретін тағылымды шара.
Жауапты: Мектеп парламенті





