«Қамқор» жобасы аясында 25 қыркүйек күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің 8 «А», 9 және 10-сынып оқушыларының қатысуымен «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз!» тақырыбында сенбілік ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны қорғауға, тазалықты сақтауға, еңбекқорлыққа және ортақ іске жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Сенбілік барысында оқушылар бірлесе еңбек етіп, мектеп аумағын қоқыстан тазартып, ауланың тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Әр сынып өздеріне белгіленген аумақта ұйымшылдықпен жұмыс жасап, тазалық жұмыстарын белсенді әрі жауапкершілікпен атқарды. Оқушылардың бірлескен еңбегі нәтижесінде мектеп ауласы таза әрі жинақы күйге келтірілді.
Бұл шара тек тазалық жүргізумен ғана шектелмей, оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, табиғатқа жанашырлықпен қарауға және қоршаған ортаның тазалығы әр адамның өзінен басталатынын түсіндіруге бағытталды. Сонымен қатар, сенбілік оқушыларды ұжымдық еңбекке, өзара көмекке, бірлік пен ұйымшылдыққа баулыды.
Осындай игі іс-шаралар арқылы оқушылар табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет екенін тереңірек ұғынып, туған жерге, мектеп ауласына деген қамқорлық сезімдерін арттыра түседі. Табиғатты аялау, тазалықты сақтау және қоршаған ортаға жанашырлық таныту – келешек ұрпақ алдындағы үлкен жауапкершілік.
8 «А», 9 және 10-сынып оқушылары сенбілікке белсенді қатысып, өз еңбектері арқылы мектеп ауласының көркеюіне үлес қосты. Оқушыларымыздың осындай игі бастамаларға белсенді атсалысуы – табиғатқа деген құрметтің және экологиялық жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Жауапты: Г.Бидағұлова \жоба жетекшісі\
https://www.instagram.com/p/Dd0PB3UswAW/?hl=ru





