Вкл/Выкл изображения Шрифт A A A Фон Ц Ц Ц Ц Настройки
Интервал между буквами(Кернинг) СТАНДАРТНЫЙ СРЕДНИЙ БОЛЬШОЙ
Интервал между между строками ОДИНАРНЫЙ ПОЛУТОРНЫЙ ДВОЙНОЙ
Выберите шрифт ARIAL TIMES NEW ROMAN

«Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ

КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»

МЕНЮ

МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІНІҢ ОТЫРЫСЫ⚜️

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Бірге дамимыз! Бірге өзгертеміз!» тақырыбында мектеп парламентінің бұрынғы және жаңа мүшелерінің қатысуымен алғашқы отырысы ұйымдастырылды.

 Іс-шараның мақсаты – парламент мүшелерінің өзара ынтымақтастығын нығайту, оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту, бұрынғы құрамның тәжірибесін жаңа мүшелерге жеткізу және алдағы жұмыс бағыттарын айқындау.

Отырыс барысында қатысушылар мектеп парламентінің мақсат-міндеттерімен, құрылымымен және жұмыс ережелерімен танысты. «Парламенттік микрофон» әдісі арқылы өз ойларын ортаға салып, мектеп өмірін жақсартуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.

 «Тәжірибе алмасу» бөлімінде бұрынғы парламент мүшелері атқарған жұмыстары мен жетістіктеріне тоқталып, кездескен қиындықтары туралы ой бөлісті. Сондай-ақ жаңа құрамға өз тәжірибелеріне сүйене отырып ақыл-кеңестерін берді.

Кездесу барысында оқушылар арасында «Parlament Quiz» интеллектуалдық ойыны ұйымдастырылып, қатысушылар «Жылдам сұрақ», «Логика лабиринті», «Кім жылдам?» кезеңдерінде өзара бақ сынасты. Ойын барысында оқушылар тапқырлықтарын, логикалық ойлау қабілеттерін және командалық бірліктерін көрсетті.

Отырыстың ең әсерлі сәттерінің бірі – бұрынғы парламент мүшелерінің жаңа құрамға салтанатты түрде галстук табыстауы болды. Бұл рәсім ұрпақтар сабақтастығының, сенім мен жауапкершіліктің белгісіне айналды. Жаңа мүшелерге сәттілік тілеп, алдағы жұмыстарына зор сенім білдірілді.

Іс-шара соңында жаңа парламент мүшелері ортақ мақсатқа адал болуға, мектептің қоғамдық өміріне белсенді қатысуға және бірлесе жұмыс атқаруға уәде берді.

✨ Алғашқы отырыс көтеріңкі көңіл күйде өтіп, бұрынғы және жаңа құрам мүшелерінің арасында өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

https://www.instagram.com/p/DdnmZf0tFLT/?hl=ru

Жауапты: Г.Бидағұлова \тәлімгер\

© 2026 «Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ
«Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі» КММ КГУ «Жанажольская общеобразовательная средняя школа»

ГУ «Отдел образования Мугалжарского района»