Жаңажол жалпы білім беретін орта мекиебіндегі Өзін-өзі басқару ұйымның қыркүйек айындағы атқарылған жұмыстарынң есебі
️
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде жаңа 2026–2027 оқу жылының басталуына арналған мерекелік салтанатты жиын өтті.
Салтанатты шараға Мұғалжар аудандық білім бөлімінің бас маманы Ә.Ә. Сүйіншәлиев, Ембі қалалық полиция бөлімінің тергеу бөлімшесінің тергеушісі, полиция капитаны Ә.Қ. Сәрсенғали және ардагер ұстаздар арнайы қатысып, оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Мектеп директоры Ж.Т.Курантаева құттықтау сөз сөйлеп, 2025–2026 оқу жылында қол жеткізген жетістіктерге тоқталды. Сондай-ақ ұстаздар мен оқушыларға жаңа оқу жылында білімге құштарлық, шығармашылық табыс, толағай жетістіктер тілеп, оқу жылына сәттілік тіледі.
Шараның ең әсерлі сәттерінің бірі – жаңа оқу жылының басталғанын білдіретін алғашқы қоңыраудың соғылуы болды. Алғашқы қоңырау соғу салтанаты мектеп табалдырығына алғаш қадам басқан 1-сынып оқушылары Сағынғали Хамза мен Абат Айеркем және мектеп бітіруші түлектер Сағынтай Ислам мен Мүслім Ақтілек ие болды.
Жаңа оқу жылы барша шәкірттерге сапалы білім, ұстаздарға шығармашылық табыс, ата-аналарға қуаныш пен мақтаныш сыйласын!
Жауапты: Тәрбие саласының мамандары




