22 Желт 2023
Жаңалықтар

"МЕЙІРІМДІЛІК КЕРУЕНІ" АТТЫ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Қамқорлықты қажет ететін жандарға қол ұшын беру арқылы адам баласы жақсылыққа қадам бастайды. Ал мұқтаж жандарға қамқорлық жасау – әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Осы орайда, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде ҚР Тәуелсіздік күнін Президент Әкімшілігінен келген тұжырымдамаға сәйкес, 16 желтоқсан- Тәуелсіздік күні қарсаңында әлеуметтік педагог А.Н.Бримбетованың ұйымдастыруымен «Мейірімділік керуені»  тақырыбында қайырымдылық жәрмеңкесі өтті. Әлеуметтік көмек алуға құқылы аз қамтылған, көпбалалы басқа да санаттағы отбасыларға көмек қолын созуды мақсат еткен жәрмеңкеге бастауыш сынып аналары өз үлестерін қосты.

Алдағы уақытта мұндай игі шаралар жалғасын табатын болады.

https://www.instagram.com/reel/C037XQzIcTH/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==

 

Жауапты: әлеуметтік педагог А.Н.Бримбетова

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар