16 Сәу 2022
Жаңалықтар

«Алтын күз – 2021» байқауы өтті

28 қазан күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде 5-7 сыныптар аралығында «Алтын күз – 2021» байқауы өтті. Шара 4 кезеңнен тұрды.

  1. Таныстыру
  2. Өз өнерін көрсету
  3. Фантазиялық киім
  4. Күзгі дәм

Байқауға 6 жұп қатысып, өз өнерлерін ортаға салып, бақ сынасты. Әділ қазы алқасының шешімімен, көрерменнің қолдауымен 5 «А» сыныптың намысын қорғаушы Санжар мен Мадина жұбы бас жүлдеге,  7 «А» сыныптың намысын қорғаушы Нұр мен Инабат жұбы 1 – орынға, 7 «Ә» сыныптың намысын қорғаушы Ибрахим мен Жанерке жұбы ІІ орынға ие болып,  6 «А» сыныптың намысын қорғаушы Аманбек пен Айсана «Өнерлі жұп», 6 «Ә» сыныптың намысын қорғаушы Дарын мен Асылзат жұбы «Білімді жұп» номинацияларымен марапатталды.

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар