(8-11 СЫНЫПТАРДЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ)
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Жаңа 2024 жылдың8-11 сынып оқушылары ерекше шат-шадыман көңіл-күйде қарсы алды.
Дәстүрге айналған думанды мерекеде мектебіміздің жоғары сынып оқушылары қонақ ретінде шақырылған ұстаздардың назарына концерттік бағдарлама ұсынып, түрлі ойындар арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Шаттыққа бөлеген мерекеде мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Т.Курантаева мен оқу ісінің орынбасары Қ.Ж.Көбенова оқушыларды Жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылда жаңа табысқа жетулеріне тілектестік білдірді.
Осылайша, мектебіміздің жоғары сынып оқушылары ұлу жылын сән-салтанатымен қарсы алды.
Жауапты: 8-11 сынып жетекшілері
(5-7 СЫНЫПТАРДЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕЛІК ШАРАСЫ)
Мектебімізде 28 желтоқсан күні 5-7 сыныптарда жаңа жыл мерекесіне орай шара өтті.
Көңілді кешті ашқан мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Т.Курантаева және мектебіміздің ұлағатты ұстаздары оқушыларды мерекемемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.Сонымен қатар, Жұлдыз Талғатқызы білім шыңына шығып, шеберліктерін шыңдап жүрген оқушыларымызға алғыс білдірді.
Мерекелік бағдарлама барысында жаңа жылдық көріністер қойылып, көңілді флешмоб өткізілді. Оқушылар қызықты ойындар ойнап, ән айтып, би биледі. Аяз ата мен Ақшақар оқушыларға арнайы тәтті сыйлықтар таратып, жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады.
Жауапты: 5-7 сынып жетекшілері
(МАД, ШО ТОПТАРЫНЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ )
Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде мектепалды даярлық тобы мен шағын орталық бүлдіршіндеріне арналған “Қуант бізді, Жаңа жыл!” тақырыбында ертеңгілік өтті.
Мерекелік шараға ауыл әкімі М. М. Бокашев және мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Т.Курантаева қатысып,іргелес жатқан компаниялардың демеушілігінен сыйлықтар табыстап, балалардың қуанышымен бөлісті.
Ертегі кейіпкерлерінің киімін киіп келген бүлдіршіндер мерекелік кешке атсалысып, ән-билерін көрсетіп, өнерлерімен тамсандырды. Аяз ата мен Ақшақар өнерлерін көрсеткен бүлдіршіндерге сыйлықтарын беріп, керемет көңіл күй сыйлады.
Жауапты:МАД және ШО тәрбиешілері.
(1-4 СЫНЫПТАРДЫҢ ЖАҢА ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ)
Желтоқсанның 28-і күні бастауыш 1-4сынытар арасында “Қош келдің , Жаңа Жыл!”атты мерекелік ертеңгілік өтті.
Ертеңгіліктің алғашқы шымылдығын ауыл әкімінің сыйлығын таратумен және мектепішілік “Мейірімділік керуені” атты жәрмеңкеге қатысқан сыныптың ата -аналары мен оқушыларын марапаттаумен ашылды. Шара барысында әр сынып оқушылары өз өнерлерін көрсетіп, ән салды.
Сонымен қатар Қоян жылының ойынын ойнап, Аяз ата мен Ақша қардың сыйлықтарын алып балалар мәз болды. 3”А”сынып қыздары ұстаздарымен бірге би билеп көрерменді таң қалдырды. Ертеңгілік соңында Аяз ата мен Ақшақарды шығарып салып,4”а” және 4”ә”сынып оқушыларының әдемі әнімен хор жасап аяқтады.
Жауапты:1-4 сынып жетекшілері