14 Қаз 2023
Мерекелік іс-шаралар

1 қазан - Қарттар күні мерекесіне орай өткізілген шара

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде

1 қазан- Қарттар күні мерекесіне орай өткізілген шара туралы мәлімет

Ежелден - ақ халқымызда қариялар зор құрметтелген. Өмірлік тәжірибесі мол, көпті көрген, дана, елге айтары бар кісілер деп сыйлаған. Дәл осы тұста Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің оқушылары да ауыл қарттарын құрметтеуден жалыққан емес.

1 қазан - Халықаралық Қарттар күні мерекесі қарсаңында 9 “ә”- сынып оқушылары ауылымыздың қарттарын мерекемен құттықтап,алғыстарын айтып,гүл шоқтары мен мектеп ұжымы атынан құттықтау хат табыс етті.

Балаша қуанған үлкендеріміз де батасын беріп,алғыстарын жаудырды.

https://www.instagram.com/reel/Cx0EVefoEe6/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

1 қазан – Ха­лықаралық қарттар күніне орай,мектебіміздің 8”ә”- сынып оқушылары ардақты ата-әжелерімізді арнайы құттықтап қайтты.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – мектебіміздің оқушыларының бойында бар қасиет.Осы қасиеттерінің арқасында үлкендерден алғыс,бата алды.

https://www.instagram.com/reel/Cx0eUJtoOXc/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Халықаралық қарттар күні — бұл аталар мен әжелердің, ата-аналардың, бір-бірінің қадірін білетін жақын адамдардың мерекесі. Бұл — жастарымыздың үлкендердің кемел шағына деген құрметі.Осы орайда, мектебіміздің 11 - сынып оқушылары да ауылымыздың қарттарын мерекемен құттықтап, ұзақ ғұмыр тілеп,көңілдерін балаша бір көтеріп келді.

Үлгілі отбасының өнегесін алып, мектептің тәлімін алып,ел қызыға қарар азамат пен азаматша болуға талпынған түлектерімізге қазыналы қарттарымыз баталарын жаудырды.

https://www.instagram.com/reel/Cx0niiao324/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің 9"а",10-сынып оқушылары ауылымыздың қарттарын төл мерекелерімен құттықтап,көңілдерін сұрап, құттықтауларын жалғастырды.

«Жақсы қартайса, жазып қойған хаттай», - демекші, тұла бойы толған шежіре – дастан іспеттес болып кеткен қарттарымыз басынан өткен қилы қызық шақтарын еске алып, ақылдарымен де бөлісті."Көп жаса!", "Ұзақ өмір тілеймін!", "Ғұмырлы бол!" деген игі тілектерді естіген оқушыларымыздың да бойларын қуаныш кернегенін жасыруға болмайды.

Еріксіз көздеріне жас келген қарияларымыз балаша қуанып,алғыстарын жаудырды.

https://www.instagram.com/reel/Cx2Hn9FoV2E/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

1 қазан- Халықаралық Қарттар күні мерекесінде 8 “а”- сынып оқушылары ауылымыздың қарттарын мерекемен құттықтап, алғыстарын айтып,гүл шоқтары мен мектеп ұжымы атынан құттықтау хат табыс етті.Сонымен қатар,жыр жолдарын оқып,ата-әжелерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Қарттары бар ел - бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

https://www.instagram.com/reel/Cx2Hn9FoV2E/?igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Жауапты: Г.Ж.Бидагулова /мектеп тәлімгері/

Ж.Б.Бокашева / педагог ұйымдастырушы/

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар