14 Қаз 2023
Мерекелік іс-шаралар

«Ұстазым ұлағатым»

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде

5 қазан- Ұстаздар күні мерекесіне орай өткізілген шара туралы мәлімет

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде ұстаздардың төл мерекесіне орай, «Ұстазым ұлағатым» атты мерекелік іс – шара өтті.

Ұстаздық жолдың қызығы мен қиындығын, жас ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы мен жауапкершілігін жете түсінетін, әр ұрпақтың білімі мен білігі жолында аянбай еңбек ететін ұстаз деген ұлы есімнің орны ерекше. Сол себепті де, осындай айтулы күні Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінің ұстаздарына алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында мектебіміздің 1-7 сыныптарының қатысуымен толғанысқа толы тамаша кеш өтті. Арнайы шақыртумен келген ардагер ұстаздар мен ауыл қонақтары және мектеп ұстаздары көңілді кештің куәгері болып қайтты.

Мерекелік кеште мектеп директорының міндетін атқарушы Ж.Т.Курантаева барша ұстаздарды мерекемен құттықтап,білім саласына қосқан үлесі үшін ұстаздарымызды марапаттап,мектептің кіші қызметкерлері Г.И.Есбаганбетова мен Ш.К.Бірмағанбетоваға алғыс хат пен 5000 теңге көлемінде сертификат табыстады.
Сонымен қатар,округ әкімі М.М.Бокашев ұстаздарды мерекемен құттықтап,мектеп ұжымына алғыс хат табыстап,жылы лебізін білдірді.

Бұл кеште әуезді ән де,домбыраның үні де, би де,жарасымды әзіл де,ұстаздарға арналған жыр шумақтары да оқылды.

Барша көрермен болған ұстаздар кеш соңында жылы лебіздерін білдіріп, алғыспен тарқасты.

Жауапты:Ж.Б.Бокашева /педагог-ұйымдастырушы/

https://www.instagram.com/reel/CyKlQB-ohbx/?utm_source=ig_web_copy_link

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар