“Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының желтоқсан айында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде «Елімнің бақытын тербеткен тәуелсіздікке 30 жыл» атты мерекелік шарасы өтті.
Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай өткізілген мерекелік концертте мектеп оқушылары өнер көрсетті. Мерекеге қатысқан әр көрерменнің жүрегінде Отанға деген махаббат оты қайта лаулап, егемендігіміздің оңайлықпен келмегеніне тағы бір мәрте куә болды.
Халқымызға ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әр азаматы үшін қастерлі мереке. Осы кеште мектеп өнерпаздары ән, күй, би, көрініс жанрлары бойынша бар өнерлерін ортаға салып, қошеметке ие болды.
{/gallery}/-1/14/13/1{/gallery}
Елімнің бақытын тербеткен - Тәуелсіздік” атты мерекелік кеш сонау 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгері болған, Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде ұстаздық етіп жүрген “БАТЫР ҰСТАЗ” - Сейсова Макура Темірқызына арналады. Мектеп ұжымы Макура Темірқызын марапаттап, гүл шоқтары мен бағалы сыйлық табыс етті. Тәуелсіз ел болуымызға үлесін қосқан батырларымызға, тәуелсіз елдің ұрпақтары атынан МЫҢ АЛҒЫС!
Орындаған: Ж.Т.Курантаева
А.Қ.Әбілқасымова