“Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының наурыз айында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде Наурыз жыл басы мейрамы қарсаңында «Құтты болсын, Ұлыстың Ұлы күні» атты мерекелік кеш өтті.
Бұл мерекелік іс-шараның кең көлемде өткізілуінің бірден-бір себебі оқушыларға ұллық киім, ұлттық тағамдар мен ойындарды насихаттау еді. «Наурыз» мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт - дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу. Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орны, наурыз мерекесі туралы түсінік беру, Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру еді.
Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді. Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. өйткені бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез. Наурыз көжеге тойып ішсең, келесі наурызға дейін тоқшылықта боласың деген ережеге сай балалар көжеге тойып, мерекелік кешке келген қонақтардан бататарын алды.
Шашумен басталған бірінші бөлімі концерттік бағдарлама түрінде өтті. Балалар наурызға шашу ретінде әсем билерін, жезтаңдай әншілерің және де мектебіміздің домбырашылар мектебінің керемет күйлерін ортаға паш етті. Мерекелік кешіміз мұнымен аяқталмады. Екінші бөлім ұлттық ойындарға арналды. Балалар курес, асық ату, қол күрес, арқан тартыс ойындарына қатысып, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтары артып, бір мәрте марқайып қалды.
Жер-жаһанды сері самалға өткізіп, жұрттың аузын аққа жеткізіп, нұр тамшыларын аямай төккізіп, қиындықтың бәрін келер жылға өткізіп, Самарқанның көк тасын ерітіп, алтынкүрекпен жер жүзін жібітіп, тас жүректерді мейіріммен үгітіп, жеті қат жер астына дейін балқытып, жыл құстарының әнін шалқытып, Жетісуға жасылдан көйлек кигізіп, Сарыарқаны самал желге сүйгізіп, Алатаудың төбесінен көкке тигізіп, Қаратауға құт-берекені үйгізіп, ақ бұлақтарды ақтартып, шың-құздарды шаттанып, тізбектеп тырналарды, сүйгізіп сырғаларды, шоршытып балықтарды, шапшытып арықтарды, тербелтіп наз қайыңдарды, төгілтіп жаз жайында әнді, қаздарды қаңқылдатып, найзағай жарқылдатып, айтып ертегіңді, жайып желкеніңді, жетіп келген әз-Наурыз мейрамы құтты болсын!!!
Орындаған: Ж.Т.Курантаева
А.Қ.Әбілқасымова