16 Сәу 2022
Мерекелік іс-шаралар

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде “ қазан айында өткізілген іс-шара туралы м ә л і м е т

“Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру” бағдарламасы бойынша 2021-2022 оқу жылының қазан  айында Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебінде  “Жаңажол- жерім, Жаңажол-елім” атты мұражай ашылды. 

Еліміз өткен өміріндегі құндылықтарды түгендеп, ұлттық тарихын қайта қарап таразылау, оның сабақтары мен үлгілерін жұртшылыққа таныту- біздің басты міндетіміз.Ал, тағылымды тәрбие орны мұражай екені сөзсіз.Осы орайда, киелі Жағабұлақ топырағында орын теуіп, өлкенің тарихын зерттеп, кешегі тарихты боямасыз сол қалпында көз алдыңа әкеліп, өткен өмір мен бүгінгі күнді жалғаушы көпір ретінде мектебімізде ашылған мұражайдың алар орны ерекше. Бұл салтанатты кешке Мұғалжар аудандық мәслихат басшысы Мусенова Роза Наурызбайқызы мен Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Нұрсұлтанова Ғайни  Батиханқызы қонақ ретінде шақырылды.Мұражайдың ашылу лентасын  Роза Наурызбайқызы мен ауыл ақсақалы,мектебіміздің алғашқы түлегі Абуов Қарамырза атамыз қиды.Мерекелік кешке келген қонақтар-ардагер ұстаздарымыз,ауыл ақсақалдары тілектерін тілеп, Батпақкөл ауылдық округінің әкімі М.М.Бокашев құттықтау сөз сөйлеп, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Н.Дүйсенғалидың құттықтау хатын жеткізіп, мектеп мұражайына құнды кітаптар сыйлады.

“Жаңажол-жерім, Жаңажол-елім” атты мұражайдың лентасын қию сәті

Мұражай ішінің таныстырылымы

Орындаған: Ж.Б.Бокашева

 
Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар