16 Қаң 2023
Психологиялық қызмет

«Бақытты бала – отбасы айнасы» психологиялық акциясының өтілуіне орай ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ағарту жұмысы бойынша «Бақыт мекені» тақырыбында өткізілген коуч-сессия

Жаңажол жалпы білім беретін орта мектебі КММ

«Бақытты бала – отбасы айнасы» психологиялық акциясының өтілуіне орай ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ағарту жұмысы бойынша «Бақыт мекені» тақырыбында өткізілген коуч-сессия

АНЫҚТАМАСЫ

Жаңажолжалпы білім беретін орта мектебінде 9- желтоқсан күні ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ағарту жұмысы бойынша «Бақыт мекені» тақырыбында коуч-сессия өткізілді. Шараның мақсаты: отбасында ата-аналардың баласына деген жауапкершілігін арттыру. Бала тәрбиесіне жеткілікті уақыт бөлу, жеке құндылықтарды арттыру. Үштік одақты сақтау және педагогтармен бірлесе жұмыс жасауға шақыру.

Тренингке 1-11 сынып оқушыларының ата-аналары мен сынып жетекшілері қатыстырылды. Тренинг өтілу барысында «Сәлемдесу» ойыны(қазіргі дәстүрлі емес заман сәлемдесуі) жүргізілді. Қатысушыларды екі топқа бөлініп отырғызылды. Тақырыпты ашу мақсатында «Отбасы-бақыт мекенім» атты шағын бейнеролик көрсетіліп, ата-аналар мен мұғалімдер пікірлері ортаға салынды. Ата-аналардың фантазиясын бақылауға және олардың көңілдерін көтеру мақсатында «Ертегі терапиясы» өткізілді. Тақырыпты одан әрі ашу және толықтыру мақсатында ата-аналарға ақ қағаздар таратылып, қағаздардан Үйдің, гүлдің және күннің бейнесін шығару тапсырылды. Ата-аналар топ-тобымен өте жақсы жұмыс атқарды, ұжымшылдықтарын жоғары дәрежеде көрсете білді. Қорытындылау және Рефлексия барысында қатысушыларға үй, мектеп, жанұя бөлшектері таратылып, пазл құрастыру тапсырылды. Сол құрастырған суреттеріне ата-аналар бүгінгі күннен алған әсерлерімен бөлісіп, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Тренинг өз мақсатына жетті. Өз дәрежесінде өткізілді. Ата-аналар үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен қатысты. Тақырып ашу мақсатында өткізілген ойын-жаттығулар қатысушыларға ұнады, өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.

 

Мектеп директоры:Н.Б.Медеуов

Орындаған:З.Б.Бектұрғанова /педагог-психолог/

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар