16 Қаң 2023
Психологиялық қызмет

«Бақытты бала-отбасы айнасы» психологиялық акциясының өтілуіне орай ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ағарту жұмысы бойынша «Бақыт мекені» тақырыбында өткізілген коуч-сессия

Жаңажол жылпы білім беретін орта мектебі КММ

«Бақытты бала-отбасы айнасы» психологиялық акциясының

өтілуіне орай ата-аналар мен педагогикалық ұжымға ағарту жұмысы бойынша «Бақыт мекені» тақырыбында өткізілген коуч-сессия

Анықтама

«Бақытты бала-отбасы айнасы» тақырыбында  психологиялық акциясы 5-11 класстар арасында жүргізілді. Мектеп оқушылары   өздерінің ата-аналарына, отбасына хат жазып, арнайы жәшікке хаттарын салды. Ол хатта оқушылар өздерінің ата-аналарына, ата –әжелеріне, бауырларына күнде айта бермейтін жүрек жарды сөздерін,сезімдерін білдірді. Ата-аналарын қалай жақсы көретіндігін хат арқылы жеткізді. Содан кейін ол хаттар жеке-жеке ата-аналарға таратылды. Ата-аналарға бұл бір керемет жаңалық болып, хатты қызығып қарсы алды. «Бақытты бала-отбасы айнасы» акциясы оқушылардың көптен көкейде жүрген сезімдерін, ішіндегі ата-анаға деген махаббатарын,сөзбен емес қағаз арқылы жеткізуін, баланың ашылуына, ата-ана баланың сезімін түсінуге,баланың өздеріне деген махаббаттары үлкен екендігін сездіруге үлкен ықпалын тигізді. Бала мен отбасы арасындағы қарым-қатынасқа жақсы әсерін берді.

Сонымен қатар мектебімізде «Мен бақытты баламын» атты 1-4 класстар арасында сурет көрмесі өтті.Бұл суретте көрмесінде бастауыш сынып оқушылары өзінің қандай бақытты отбасында өмір сүретін бақытты бала екендігін сурет арқылы бейнелеп келді.Ол суреттер арнайы доскаларға ілінді.Ілінген суреттерге назар аударатын болсақ көптеген оқушылардың әдемі толыққанды бақытты отбасында өсір сүріп  жатқаны,  іс-әрекеттерін байқауға болады.

Мектеп директоры:Н.Б.Медеуов

Орындаған:З.Б.Бектұрғанова /педагог-психолог/

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар