16 Сәу 2022
Психологиялық қызмет

Тақырыбы: «Ұйқыдағы қала» психологиялық жобалық - ойын

Тақырыбы: «Ұйқыдағы қала»  психологиялық жобалық - ойын

Уақыты:  28.01.2022

Түрі:  Ағартыушылық профилактикалық  бағыт

Қатысушы нысан: 11а, ә  класстар

Мақсаты: оқушылардың таңдаған мамандықтарының өздеріне қоятын талаптарын ұғындыру және әрбір мамандыққа жауапкершілікпен қарауға үйрету. Топ бойынша жұмыс жүргізу.

 

Қолыңызға  жоғары оқу  орнының  дипломын  алдыңыз.   Сізді ерекше бір қалаға жолдаймыз. 

Бұл қаланың ерекшелігі  cол -  қала тұрғындары,  рухани  тұрғыда,   қалың  ұйқыдан  ояна алмай жатыр...

Сізге берілетін  тапсырма  - өз мамандығыңыздың  мықты мүмкіндігін   пайдаланып, ұйықтап жатқан қала тұрғындарын оятуға арналған  оңтайлы және  табысты  жоба  жасау   қажет. 

 

Ұйқыдағы қала тұрғындарын   ояту   үшін  қандай  жоба жасар едіңіз?

Жобаның  тиімділігі   мен  өміршеңдігіне оқушылар мәнін аша білді.   Оқушылар үш топқа бөлінді.

Әр бір топтан бір баяндамашы  шығып өздерінің  жобаларын баяндады. Талдау жүргізді. Ойын барысында сізге сізге не ұнада? Ойыңыздан шыққан әрекеттер бар ма? Сұрақтарына оқушылар өз жауаптарын айтты.

Қорытынды:  психолог өз тілегін  айтып, оқушылар  өзің үшін еңбек етсең , әрекет етсең , амал жасасаң, нәтеже  шығарасың.  Болашақ мамандардың алдына үлкен мәселелердің туындайтындығын тағы да бір рет айтып, «Оян қазақ» деген қазақтың қанатты сөзімен аяқтады.  Үш топ жобаларын өте жоғары деңгейдң қорғап шықты

 
Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар