Ауыл мектебі оқушыларына арналған "Мың бала" ұлттық зияткерлік олимпиадасының жүлдегерлері қатарына табылған мектебіміздің қос дарынды оқушылары Досанов Батыр мен Нұрлан Қарақат марапаттау рәсіміне қатысты. Оқушылар арнайы диплом мен 100000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болды. Мектебіміздің, ауданымыздың абыройын асқақтатқан оқуышларға талмас талап мен жалынды жігер тілей отырып, алда талай додалардан топ жарып, жүлделерді иелене беріңіздер деп тілек білдіреміз. Айта кетейік Досанов Батыр қазірде Ақтөбе облыстық білім инновация лицейінің оқушысы, "Мың бала" ұлттық зияткерлік олимпиадасынан қол жеткізген жетістігімен осы оқу орнына қабылданған еді. Біз сіздермен мақтанамыз. Мектеп ұстаздарын да керемет жетістіктерімен құттықтай отырып, осындай дарынды оқушыларымыз көп болсын дейміз.